Бұл туралы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов онлайн-брифингте мәлім етті. ТЖ кезінде мәдени ошақтар әлеуметтік желілерде және медиа ресурстарда жергілікті өнерпаз-дардың концерттерін, көрмелерін, түрлі салалар бойынша маман-дардың лекциялары, челлендж-дер, байқаулар мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырып келеді.

- Біз карантин кезінде тұрғын-дардың уақытты пайдалы өткізуі үшін үй жағдайында мәдени-сауық шараларын ұйымдастыруға тырысудамыз. Осы мақсатта облыс тұрғындары үшін бірінші кезекте мәдениет мекемелерінің инстаграмдағы ресми парақша-ларында, Павлодар облысы мәдениет саласының ertis_madenieti атты бірыңғай инстаграм парақшасында қызықты, пайдалы кейстерді жариялаудамыз. Бұл ретте, негізі басымдық мейлінше көп жазылушыларды қамтитын tipavlo, tipavlo.dar, umihelp, mypavlodar, kuda_poidem_pvl және басқа да парақшаларға беріледі, - деді Е.Дәуенов.

Басқарма басшысының айтуынша, онлай түрде ұйымдастырылған шаралар тұрғындар арасында ерекше қызығушылыққа ие болған. Мәселен, Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейімен өткізілген динозаврдың үздік суреті бойынша 1 аптаның ішінде 1300 қатысушыдан өтініш түссе, суретші Ольга Керимованың 10 жыл бұрын салынған танымал портретіндегі 3 жасар қызды іздеу шарасы да сәтті аяқталған. Нәтижесінде, барлық әлеуметтік желіде кең тараған портреттегі қыз табылды.

- Шығармашылық ұжымдардың концерттері мен спектакльдерін бұқара облыстық И.Байзақов атындағы филармония мен облыстағы қос театрдың ютуб арналарынан көре алады. Мысалы, 25 сәуірден бастап Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының ютуб арнасынан «Күтпеген кездесу» спектаклін тамашалауға болады. Ал карантин аяқталған соң облыстық қазақ, орыс театрлары Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған премьералық қойылымдарын көрермен назарына ұсынуға дайын, - деді ол.

Ал 6 мамыр күні сағат 11.00-де «Жеңімпаздар» кітабының тұсауы кесілмек. Онда Ұлы Отан соғысына қатысқан және тылда еңбек еткен павлодарлықтардың ерлігі, Ұлы Жеңіске қосқан үлестері жайында айтылады.

8 мамыр күні сағат 11.00-де С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Виртуальный музей: страницы военной памяти» атты жобасының онлайн тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар, Иса Байзақов атындағы облыстық филармо-нияның камералық хоры 2-8 мамыр аралығында моно-концерттер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетелік, Баянауыл ауылында Ұлы Отан соғысына қатысушы, үш дәрежелі «Даңқ» орденінің кавалерлері Бақыт Қайдаров пен Василий Христенкоға және Бірлік ауылында партизан Жылбек Ағаділовке бюст орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Ақтоғай ауылында Кеңес Одағының Батыры Серікбай Мүткеновке бюст орнатылады. Оның салтанатты ашылуы биылғы жазда, яғни шілде айына жоспарланған.

 

Қ.МҮСӘЙІП.

saryarka-samaly.kz