Бұл – облыстық мемлекеттік архив қызметкерлерінің бес жылдық еңбегінің жемісі. Архив басшысы Мәншүк Байзелдинованың сөзінше, «Жеңімпаздар-Победители» кітабының алғашқы басылымы 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында жарыққа шыққан. Аталмыш жоба жалғасын тауып, міне тағы үш кітабы оқырман қолына тиіп отыр.

-«Жеңімпаздар-Победители» жинағының бұрынғы басылымынан мынадай ерекшелігі бар. Бұл серияға соғыстан аман-есен оралып, әр салада қызмет еткен майдангерлер туралы мәліметтер топтастырылды. Негізгі деректерді жергілікті архивтерден, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент жанындағы архив қорларынан, ардагерлер ұйымдарынан, өлке-тану музейлерінен және ұрпақтарының отбасылық мұрағаттарынан жинастырдық. Сонымен қатар, РФ Қорғаныс Министрлігінің «Подвиг народа», «Память народа» сынды электронды порталдарынан бізге қатысты біраз дүние таптық, - дейді Мәншүк Зекенқызы.

Жаңа жинақ оқыр-мандарға облыстық мемлекеттік архивінің «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желі-лерінің «Архив айнасы» парақшасы арқылы онлайн режимде таныстырылды. Бұл жобаның жүзеге асуына қала және облыс әкімдігі, соның ішінде облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қолдау көрсеткен.

 

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz