Айбек Әуелбек бала кезінде тентек болғанын жасырмайды. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде ата-анасы тәртіпті  бол деп жиі ақыл айтқан.

- Бала күнімде бұзық болғаныма байланысты үлкендерден «ақылды бол», «тәртіпсіздік жасама» деген сөздерін жиі еститін едім. Сондықтан темірдей тәртіпті талап ететін құқық қорғау саласында жұмыс істеуді арман еттім. 2002-2007 жылдары аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде  заңгер мамандығы бойынша білім алдым. 2005 жылы Жамбыл облысында әскери курстан өттім. Отан алдындағы борышымды да өтедім, - дейді ол.

Айбек Әуелбек алғашқы еңбек жолын Павлодар қаласындағы түзеу мекемесінде бақылаушы болудан бастайды. 10 жыл тапжылмай еңбек етіп, тәжірибелі маманға айналады. Қазіргі уақытта облыстық полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінде учаскелік инспектор болып жұмыс істеуде. Аға лейтенант Мойылды, Жетекші ауылдарының аумағындағы тәртіпке жауапты.

- Отан алдындағы борышты өтеу – әрбір азаматтың парызы. Бала күнімнен әскерге баруды қаладым. Бұл міндетімді өтеген соң, болашағымды құқық қорғау саласымен байланыстырдым. Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Еліміз қиын кезеңді бастан кешіп жатқанда, біз де бар күш-жігерімізді салып, еңбек етудеміз. Мұның өзі ерлік, - дейді ол.

Айбек Әуелбек бос уақытында спортпен айналысқанды ұнатады. Отбасында үлгілі әке, адал жар.

 

Жансері СЪЕЗБЕК

saryarka-samaly.kz