Аймақ басшысы Успен ауданындағы «Алдияр» шаруа қожалығын аралады. Қоңырөзек ауылында 5  мың гектар жерде шаруалар бидай, қарақұмық және тары егеді.

- Былтыр әр гектардың шығымдылығы 10-12 центнерді құрады. 10 мың тоннаға жуық алынатын дәнді өзіміздің базамызда сақтаймыз. Жоғары сұрыпты дәндерді егу және егін шаруашылығы мәдениетін ұстану еңбек өнімділігін өсіруге мүмкіндік береді, - деп бөлісті «Алдияр» шаруа қожалығының басшысы Төлеген Сейітқазинов.

Кәсіпорында лизингке сатып алынған Class компаниясының егу кешендері қолданылады. Шаруа қожалығы қолданып жүрген машиналар әйгілі америкалық John Deere корпорациясының техникаларынен еш кем түспейді.

Қоңырөзекте ауылдық тұтыну кооперативі жұмыс істейді. Елді мекеннің тұрғындарынан жиналып алынған сүт Павлодардың ірі өңдеу кәсіпорындарына жіберіледі. Ауылдық тұтынушылар кооперативі цистерна мен салқындатқыштармен қамтылған, бұл  сүт зауыттарына сапалы өнім жеткізуге мүмкіндік береді.

«Галицкое» ЖШС басшылығы да Әбілқайыр Сқақовқа егіс науқанының барысы жайында хабардар етті. Ірі шаруа қожалықтың басшысы Александр Касициннің сөзінше, егіс даласында еріген қар суының барлығы топыраққа сіңіп кеткеніне байланысты, биыл фермерлер егіс жұмыстарын ерте бастаған. Бұл жердің 8 мың гектарында егін егілген, тағы 15 мың гектардағы жұмыстар апта соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Дәнді дақылдардан басқа, өзінің  тауарлы сүт  фермасы үшін серіктестікте  жем-шөп дақылдары да егіледі.  Фермада әрқайсысы 500 ірі қара малға арналған екі орынжай және 36 басқа арналған автоматтандырылған сауын бөлімі бар.

- Қазір 1000 бас сиырды екі адам сауады. Мен 1984 жылы бұл жерге жұмысқа келгенде бір сауыншы 25 сиырды ғана сауа алатын. Сол кезде 1000 ірі қара малды сауу үшін 40 жұмысшы керек еді, - деді қожалық иесі Александр Касицин.

«Галицкое» серіктестігі суармалы егіншілікті дамытуды көздеп отыр. Бүгін бұл жерде 350 гектар алқап суарылуда. Биыл тағы 350 гектар енгізіледі. Тағы 550 гектар жерді суармалы алқапқа айналдыру жоспарланған.

- Соңғы үш жылдың ішінде біз ірі қара сауын малын 900 ден 2000 басқа дейін өсірдік. Бұдан бөлек 800 бас малды ет алу мақсатында ұстаудамыз. Барлығын қосқанда ірі қара санын 7000-ға дейін өсіруді жоспарлап отырмыз. Мұнша малды асырау үшін үлкен жем-шөп қоры керек. 1400 гектар суармалы алқабы бұл мәселені толық шешуге мүмкіндік береді, - деді «Галицкое» ЖШС басшысы.

Шарбақты ауданында да көктемгі егіс науқаны қызу. Мәселен, Орловка ауылында да суару жұмыстарымен айналысады. Биыл «Победа» ЖШС 300 гектар жерде сүрлемге өсірілетін жүгері және көкөніс егеді. Бұдан бөлек жергілікті шаруалар Түркия мен Польшаға жіберілетін жасымық егіп үлгерді. 

- Биыл жасымықты ерте ектік, өнімді шілденің аяғында, тамыздың басында аламыз деп жоспарлап отырмыз. Біздің кәсіпорынның негізінде 7 заманауи егіс кешені бар, сонымен қатар, өнімділігі John Deere машиналарынан кем түспейтін заманауи К-700 тракторларын қолда-намыз, - деді  «Победа» ЖШС-нің басшысы Александр Поляков.

Сосновка ауылдық округіндегі «Ива» ЖШС-нің басшысы Ерлан Мұқатаев облыс әкіміне арзандатылған отын жеткізілімі бойынша туындаған мәселелер жайында айтты. Шаруаның айтуынша, фермерлер жанар-жағармай жеткізуші операторға төлем жіберген, алайда жанармай әлі күнге дейін жеткізілген жоқ. Аймақ басшысы өзінің орынбасары Асайын Байхановқа егіс науқанын аяқтауға кедергі келтіретін барлық мәселелерді шешуді тапсырды.

Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов «ВИГИС» және «Кривов» жауапкершілігі шектеулі серіктес-тіктерінің егіс алқабында болды. Кәсіпорындардың басшылары Виктор Григоров пен Николай Кривов көктемгі егін жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ешқандай кедергі болмағанын жеткізді. Шаруа- лар егіс науқанын жақын арада аяқтауды жоспарлап отыр.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz