Жаңа туынды Ломов көшесі, 147-үйдің қабырғасына салынды. Мұндағы мурал - жер-гілікті суретші Ольга Керимованың танымал картинасы. Яғни, суретшінің осыдан 10 жыл бұрын салған туындысындағы кейіпкер Нұрхаят Балтабаеваның портреті.

 «Жасыл ел» облыстық штабының төраға-сы Нұргүл Айғожина бұл сурет отряд коман-дирі Антон Толчиннің басшылығымен іске асқанын айтады.

- Қабырғаға сурет салу - Ұлы Отан соғысының ардагер-леріне деген құрметтің белгісі. Бұл - біздің қолымыздан келетін істің аз ғана бөлігі. Ең бастысы - майданда соғысқан аталарымыз бен әжелеріміздің естелігін қалдыру. Осылайша бүгінгі және келер ұрпаққа бейбітшілік пен достықты сақтаудың маңыздылығы туралы еске салғымыз келеді. Аталмыш көрнекті орын фотосуретке түсу үшін сүйікті орын болып табылады. Сондықтан «Жасыл ел» Павлодар штабы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында қала тұрғындарын жаңа туындымен қуантуды жөн көрді. Бұл туындыны мамандар небары 2 күннің ішінде салып шықты, - дейді Нұргүл Айғожина.

Айта кетелік, бұған дейін «Жасыл ел» еңбек жасағы ҚР Конституция күніне орай Торайғыров көшесі мен Н.Назарбаев даңғылы-ның қиылысында орналасқан көпқабатты үйдің қабырғасына «Бүркітші» картинасын салып, сыйға тартқан болатын.

saryarka-samaly.kz