2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап «Азаматтық бақылау» жобасы бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілуде. Түбіртекті бермеу фактісі туралы хабарлаған тұлғаларға 1 000 теңге көлеміндегі сыйақы (ұялы телефон теңгерімін толтыру) төленеді.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті барлық азаматтарды өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге, БКМ түбіртегін бермей өзінің табыстарын жасырушы салық төлеушілерге нөлдік төзімділік танытуға, жобада белсенді қатысуға шақырады. Барлық жолданылған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен өңделетін болады.

Толығырақ «Азаматтық бақылау» жобасы туралы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің www.pvl.kgd.gov.kzресми сайтында, сонымен қатар Facebook www.facebook.com/taxpavlodar, Twitter www.twitter.com/DGD_Pavlodar, Instagram www.instagram.com/dgd_pavlodar әлеуметтік желілерінде білуге болады.

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті.

saryarka-samaly.kz