Бұл туралы облыс әкімінің орынбасарлары Асхат Оралов және Сәкен Шаяхметов онлайн брифингте мәлім етті.

Асхат Ораловтың айуынша, апта басында аймағымызда коронави-рустан емделіп шыққандардың саны 82-ге жетті. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Облыста COVID-19-ды 154 адам жұқтырған. Оның ішінде 95 адам – Екібастұздан, 58 адам – Павлодардан және 1 адам Ақсу қаласынан тіркелді. Коронавирустен айыққандардың қатарында облыс орталығының 28 тұрғыны, кеншілер шаһарының 53 тұрғыны және ақсулық бір азамат бар.

- Бұл - жақсы көрсеткіш. Қазіргі таңда 69 адам инфекциялық ауруханада емделіп жатыр. Олардың жағдайы тұрақты. Өңірде 22500-ге жуық адам полимеразды тізбекті реакция (ПТР)  тестінен өткен. Олардың 154-інде коронавирус анықталса, 22306 адамда талдау нәтижесі індеттің жоқ екенін көрсетті. Облыста барлығы 1666 адам медициналық бақылауға алынған. 1375 адам үй карантинінде, 291-і госпитальге жатқызылған. Жалпы аймақта 7133 адам медициналық бақылауда болған. Бүгінде 5467 адам мұндай шаралардан босатылды, - деді А.Оралов.

Облыстық бас мемлекеттік сани-тарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, қалалар мен аудандар арасындағы блок-постар жұмысын тоқтатты. Бірақ басқа өңірлердің тұрғындарына облысымыздың аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады.

Облыс шекарасында орналас-тырылған 9 блок-бекет қызметін жалғастырады. Бұл ретте Ресей Федерациясының шекаралас аумақ-тарындағы 5 блок-пост, Қазақстанның өзге өңірлеріндегі шекараны бақылау үшін орнатылған 4 блок-пост қалыпты режимде жұмыс істемек. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысымен шектесетін Май ауданының  Ақжар ауылында, Аққулы ауданының Шарбақты ауылында, Ақмола облысымен шектесетін Екібастұз қаласындағы Шідерті елді мекенінде, Қарағанды облысымен шектесетін Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылындағы бекеттердегі мамандар жолаушылардың дене қызуын тексереді. Сондай-ақ күшейтілген санитарлық талаптарды ескере отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да бағыттар бойынша әуе рейстеріне рұқсат етілді. Бірақ темір жол және сапаржайларда, ауданаралық, қалааралық бағыттағы автобустар тоқтатылған.

- 12 мамырдан бастап таңғы сағат 6.00-ден бастап кешкі сағат 20.00-ге дейін қала ішіндегі қоғамдық көліктер қатынауда. Тұрғындар медициналық масканы тағып жүруге міндетті. Қоғамдық көліктер қала ішінде қатынайды. Елді мекендерге жеке көлікпен шығуға рұқсат. Бұл ретте тиісті құжаттардың болуы шарт. Қалаларда жолаушыларды ресми тіркелген такси қызметі ғана тасымалдай алады. Салон ішінде екі адамнан артық болмауы тиіс немесе бір отбасы мүшелеріне рұқсат етіледі. Жолаушылар мен жүргізушілер медициналық бетпердені тағуы керек. Сонымен қатар, мектепке дейін мекемелер де жұмысқа кіріседі. Оқушылар қашықтан оқуды жалғастырады. Балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейді. Міндетті түрде мекемелерде санитарлық талап сақталуы қажет, - деді А.Оралов.

Сәкен Шаяхметов өңірдегі ойын-сауық орталықтарының әзірге жұмыс істемейтінін айтты. Үй ауласындағы шағын маркеттер мен дүкендердің жұмыс уақыты ұзартылды. Олар барлық санитарлық талапты ескере отырып, таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік базарлары таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін ашық болады. Қоғамдық тамақтану нысандары таңғы сағат 9.00-ден түнгі сағат 21.00-ге дейін жеткізу қызметі арқылы жұмыс істейді. Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түліктік емес сауда орындары кесте бойынша таңғы сағат 10.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін қызмет көрсетпек.

- Қаулыға сәйкес, аумағы 2 мың шаршы метрден асатын ірі сауда орындары жұмыс істемейді. Ойын-сауық орталықтары, түнгі клубтар, фитнес залдар, монша және сауналар, компьютерлік клубтар жабық болады. Ашық ауада жұмыс істеуге мүмкіндігі бар спорт нысандары өз жұмысын жаңдандыра алады. Бұл ретте бір топта 30 адамнан артық болмауы керек. Жағалауда, саябақтарда, стадиондарда барлық жүгіру жолдары ашылады. Сондай-ақ футбол алаңдары, манеждер ашық болады. Техникалық қызмет көрсету стансасы, шиномонтаждар, автосалондар таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары, екінші деңгейлі банктер, Қазпошта бөлімшелері 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Карантин режимін бұзғандарға шара қолданылады, - деді С.Шаяхметов.

 

Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz