Көктем мезгілі – тіршіліктің қай-найтын уақыты. Қарапайым халық-тың жыл бойы жоспарланған шаруа-ларының барлығы осы уақытта басталады. Бірі тұрғылықты баспаналарына жөндеу жүргізсе, кейбірі ауладағы шағын егіс алқабын жеміс-жидекке толтырады. Қысқасы, көпшілік шаруашылыққа керек жарақтарының барлығын осы «Ярмарка» сауда орталығынан табатыны ақиқат.

Жеке кәсіпкер Радик Валеев есімді азаматтың бас кәсібі – сауда-саттық. Жұбайы екеуі де осы сауда орталығында екі нүктені жалға алып, тұрмыстық тауарлар сатады. Әлемге жайылған коронавирус пандемиясы-ның кеселінен қала карантинге жабылып, сауда орындары уақытша тоқтайды дегенде абдырап қал-ғанын жасырмайды. Себебі, бұл азаматтардың базардан басқа жерде табыс көзі жоқ.

- Бұл жаңалықты алғаш естіген кезде төбемізден жай түскендей болды. Себебі, базар жабылса жұмысымыз түбегейлі тоқтап қала-ды. Дегенмен, Үкіметтің уақытылы орындаған шаралары нәтижесінде аз уақытта бар қиындықты артқа тастадық. Міне, халық қайта жұмыстарына кірісті. Қарапайым халыққа да қаржылай көмек беріп, жәрдем жасады. Біз әйелім екеуіміз бір ай жұмыссыз отырған кезде мемлекет тағайындаған 42500 теңге жәрдемақысы түсті. Бұл жұмыссыз отырғандар үшін өте үлкен көмек болды. «Ярмарка» сауда орны басшылығы да түсіністік танытып, бір айлық жалдау төлемінен босатты. Ал карантинге дейін ақшасын төлеп қойғандар келесі айдікінен босатылатынын айтты. Сол үшін сауда орны әкімшілігіне зор алғысымыз-ды білдіреміз, - дейді жеке кәсіпкер Радик Хамитұлы.

 

Т.МАРХАБА.

saryarka-samaly.kz