Қ.Тоқаев: «Кезекте тұрған азаматтардың мәселесін шешу үшін тұрғын үй несиесімен қамтамасыз етуге арналған «5-10-20» жаңа жобасын іске асыруды тапсырамын. Осыған орай дағдарысқа қарсы бөлінген қаражат есебінен 390 миллиард теңге бөлеміз. Биыл елімізде бұрын-соңды болмаған көлемде тұрғын үй салынады. Атап айтқанда 15 миллион шаршы метр немесе 150 мың пәтер. Үкімет жыл соңына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы негізінде толыққанды даму және қолдау көрсету бағытындағы «Отбасы банкін» құруға тиіс.  Бұл құрылым тұрғын үй есебін, кезекке қою және үй беру тәртібін бір орталықтан жүзеге асыратын болады, – деді.

Әрине, мұндай ірі істі атқару үшін біраз әзірлік керек. Заңнамалық негізде іске асыру тетіктері қабылданады. Десе де, баспанамен қамту ісінде бірыңғай оператор ретінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшылығы өз ойымен бөлісіп үлгерді.

«ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамырында берген тапсырмасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Нұрлы жер» бағдарлама-сының жаңа бағытын әзірлеуді бастап кетті. Жаңа пилот жоба 5-10-20 шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады:

- несие мөлшерлемесі 5%;

- бастапқы жарна 10%-дан бастап;

- несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

«5-10-20» пилот жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

Баспананы «Нұрлы жер» бағдар-ламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және келесі параметрлер ұсынылуда:

- Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн. аспайды;

- Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн. теңгеден аспайды;

- басқа аймақтар үшін 12 млн. теңгеден аспайды.

Әкімдіктер салған несие тұрғын үй бойынша 1 шаршы метр бойынша келесі баға параметрлері белгі-ленген:

240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында;

220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта;

200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта;

180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында;

160 мың теңгеге дейін – басқа аймақтарда» - делінген хабарламада.

- ҚР Президенті Қ.Тоқаев атап өткендей, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі базасында жыл соңына дейін даму және қолдаудың «Отбасы банкі» атты толыққанды институты құрылады. Ол тұрғын үйді есепке алу, тіркеу және бөлістіруді бір орталықтан атқаратын болады. Қойылып отырған міндетті орындау үшін қазіргі кезек жүйесін әкімдіктерден «Отбасы банкке» беру жоспарланып отыр. Өз кезегінде «Отбасы банкі» баспанасы жоқ жанұялар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ұсынатын болады, – деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. – Тұрғын үй қолжетімділігі сатысы белсенді түрде енгізіледі. Бір мүше үшін бір КМ-нан (күнкөріс минимумы) төмен табыс табатын отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мүмкіндігі ұсынылады. 2 КМ-на дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар (көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар) «Бақытты отбасы» бағдарламасына, ал 3,1 КМ-на дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар «5-10-20» пилот жобасына қатыса алады.

Президенттің төмен мөлшер-лерлеме бойынша баспанаға ие болу мүмкіндігін беруі жеке бұрыш таппай, мұқтаждық көрген отбасыларға үлкен демеу болары анық. Жаңа жоба бірталай шаңырақтың үміт отын маздата түсті. Сенім ақталса деп тілейміз.

 

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

saryarka-samaly.kz