- Денис Викторович, жыл басынан бері аймағымызда қанша мал ұрлығы тіркелді?

- Биыл полиция қызметкерле-рі мал ұрлығымен айналысқан 19 адамды құрықтады. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары жүргізген рейдтік және профилактикалық шаралардың нәтижесінде төрт түлікті ұрлау ісімен айналысқан 4 барымташылар тобы қолға түсті. Бұл ретте 24 факті бойынша қыл-мыстық іс тіркеліп, материалдар сот қарауына жіберілді. Бұдан бөлек, малды тасымалдау және ет өнімде-рін сатуда ереже бұзған фактілер бар. Бұл ретте құқық бұзған 50 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1 млн. 405 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал 2019 жылы облыста 129 мал ұрлығы тіркелген болатын.

- Өңірде мал ұрлығын ал-дын алуда қандай жұмыстар жүргізілуде?

- Жоғарыда атап өткенімдей, рейдтік шараларды жиі ұйымдас-тырамыз. Аймағымыздағы жол сақшылары да көліктерді тоқтатып, тексеру жүргізеді. Ет тасымалы кезінде қажетті құжаттарды толық тексереді. Бұл ретте әрбір ауданда және облыстық, аудандық, жергілікті маңызы бар жолдарда көліктерді тексеру қызметі арнайы мамандарға жүктелген. Бұдан бөлек, ет сататын базарларда рейд шаралары ұйым-дастырылады. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, «Қыстау», «Скотокрад» жедел алдын алу шаралары мен «Малыңызды сақтаңыз!» акцияларын да  ұйымдастырады.

Атап өтерлігі, биыл ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексі мен ҚР Қылмыстық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген бола-тын. Мал ұрлығы жеке баппен қарастырылады. Мұндай әрекетке барғандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Мал ұрлығына қатысты істерде татуластыру шарасы қолданылмайды. Осылайша, жаза  күшейтілді.

- Малын өріске жіберген ауылдағы ағайын қандай сақ-тық шараларын ескерген жөн?

- Мал ұрлығының алдын алуда құқық қорғау саласының мамандары өздеріне жүктелген міндетті орындауда. Бұл істе жергілікті әкімдік, ветеринария бөлімінің мамандары мен мал иесі де жауапты болуы тиіс. Бастысы, төрт түлікті бағуды сенімді адамға тапсыруы қажет. Шаруа қожалық иелері де бақташымен келісімшарт жасағаны жөн. Барлық міндет құжатта айқын жазылуы тиіс. Бұл ретте бақташының тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуде тұрғаны, ауыл тұрғындары арасындағы беделі, тәжірибесі де қатаң ескерілгені жөн. Қолдағы малдан көз жазып қалмас үшін төрт түлікті қараусыз жібермеу керек. Мал қамайтын орынның беріктігі мен жабатын құлпының сапасына да мән берген дұрыс. Ірі шаруа қожалықтары ауласында бейнебақылау құрылғыларын орна-туы қажет. Егер малдың ұрланғаны анықталса, дереу ауыл округіне жауапты учаскелік инспекторға хабар берген абзал. Егер ол жұмыс орнында болмаса, аудан орталығының полиция бөліміне хабарласқан дұрыс. Мұндай жедел әрекет барымташылардың жолын кесуге мүмкіндік береді.

 

Сұхбаттасқан – Айдана ҚУАНЫШЕВА.

saryarka-samaly.kz