Аталған орталық өкілі Аслан Бекбергеновтің айтуынша, елімізде өнеркәсіптік кәсіпорын-дарға технологиялық шешім-дерден бастап сертификаттауға, экспортқа және цифрлы технологияларды енгізуге дейінгі барлық кезеңдерде жәрдем көрсетіледі. Яғни, қайтарымсыз қолдау шаралары ұсынылады. Мысалы, мемлекет өңделген тауарларды экспорттаушылардың өнімдерін шетелде жарнамалауға, олардың шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестиваль-дарға тікелей қатысуларына, ақпараттарды шет тілдеріне аударуға және арнайы каталог шығаруға, өнімді шетелде сертификаттауға, қойманы, сауда үй-жайларын жалға алуға байланысты шығындарды өтейді. Елеулі шаралардың бірі – көлік шығындарының бір бөлігін өтеу. Экспорттаушылар 2020 жылдың 1 маусымына дейінгі аралықта мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алуға өтінім бере алады. Сонымен қатар, қызметкерлерді оқытуға, кәсіпорындар жұмысына шетелдік мамандар тартуға байланысты шығындар да орталық арқылы өтеледі. Кәсіпорындар жабдықтарды монтаждау және іске қосу-баптау, автоматтандырылған жүйелерді, 4.0 Индустрия элементтерін енгізу және біздің отандық кәсіпорындар көтеретін басқа да шығындар бойынша «кэшбэк» ала алады. Еңбек өнімділігін арттыру бойынша шығындарды өтеуді алуға өтінімдер жыл бойы қабылданады. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну ережелері www.qazindustry.gov.kz. сайтында берілген.

- Мұндай қолдау көрсетілетін кәсіпорындар қатарына барлық санаттағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары кіреді. Яғни, көмекті шағын және орта әрі ірі бизнес пайдалана алады. Бірақ нақты талаптар бар. Мысалы, еңбек өнімділігін арттыруға байланысты кеткен шығындардың бір бөлігін қайтарып алу үшін кәсіпорын қызметін экономиканың басым секторларында кемінде 1 жыл жүзеге асыруы қажет. Ал экспорттық шығындарды өтегісі келетіндер отандық өңделген тауарларды өндіруші немесе өндірілген өнімді өткізетін оның еншілес компаниясы болуы қажет, - дейді А.Бекбергенов.

Өтінім берушілер орталықтың мамандарынан кәсіби кеңес ала алады. Әр өңірге менеджер-кеңесшілер айқындалған. Мәселен, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыс-тарында Аслан Бекбергенов жауапты. Байланыс телефоны - 8 701 222 44 69, a.bekbergenov@qazindustry.gov.kz.

Осы ретте, А.Бекбергенов «cash back» алған, шығындарын өтеткен бірқатар кәсіпорындарды мысалға келтірді. Айтуынша, еліміз бойынша өткен жылы «еңбек өнімділігін арттыру» бағыты шеңберінде 69 кәсіпорыннан жалпы сомасы 779,15 млн. теңгенің 122 өтінімі бойынша шығындар өтелген. Ал «отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға шығару» бағыты аясында 139 кәсіпорыннан 3,9 млрд. теңгеге 179 өтінім бойынша шығындар өтеліпті. Оның 3,5 млрд. теңгесі - тауарларды жеткізуге байланысты шығындар және 350,5 млн. теңгесі - тауарларды жылжытуға арналған шығындар. 2019 жылы облысымыз бойынша шығын-дары өтелген кәсіпорындарға келетін болсақ, «Павлодарская соляная компания» және «Егер» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өнімді экспорттау кезінде жұмсалған көлік шығындары мемлекет тарапынан өтелген. «Проммашкомплект» ЖШС-іне жұмысқа шетелдік қызметкерді тарту шығындары төленіпті. «TROYA» компаниясы» ЖШС-іне монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша шығындары өтелген.

Коронавирус пандемиясы мен ірі қалаларда карантин енгізуден туындаған елдегі қалыптасқан эпидемиоло-гиялық жағдайға байланысты, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін толық немесе ішінара тоқтата тұруына мәжбүрледі, шығындарды өтеу кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық шығын-дарын азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан барлық кәсіпкерлерге шығындарды өтеуге өтінім беруді ұсынамыз.

 

Г.МАҒЖАН.

saryarka-samaly.kz