Аймағымызда карантин режимі енгізілген уақытта өңірдегі медициналық ұйымдар қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшкен болатын. Жоспарлы ем-шаралар мен оталар уақытша тоқтатылды. Бірақ жедел жәрдем қызметінің мамандары мен  өмірге қауіп төндіретін ауруларға көрсетілетін шұғыл көмекті атқаратын дәрігерлер қауымы  24 сағат бойы жұмыс істеуін тоқтатқан емес.

Облыстық кардиологиялық орталығына карантин режимі енгізілгелі өңіріміздің түкпір-түкпірінен шұғыл отаны қажет еткен 65 науқас түскен. Күрделі операцияның тең жартысын кардиохирургиялық қызметтің жетекшісі,  тәжірибелі дәрігер, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Мұрат  Райханов жаса-ған. Тәжірибелі маманның айту-ынша, орталықтағы ақ желең-ділер адам өміріне араша түсу-де күні-түні жұмыс істеген.

- Карантин режимі басталға-лы жоспарлы ем қабылдап жүрген  науқастардың келуіне шектеу қойылды.  Бірақ шұғыл көмекті қажет ететін адамдар-ға медициналық көмек үздіксіз көрсетіліп келеді. Науқастар-дың барлығы - өңіріміздің тұрғындары. Олардың ішінде жіті коронарлы синдром, мио-кард инфарктісіне шалдыққан-дар бар. Мұндай ауру түрлері шұғыл отаны қажет етеді. Себебі жүректің жасушалары өліп қалуы мүмкін. Бұл жағдайда адамның өміріне қауіп төнеді. Сондықтан уақыт жағынан ұтылмас үшін, меди-циналық араласуды қолға алу қажет болды. Егер карантин кезінде қызметімізді тоқтатқан болсақ, 60-тан астам адамды жоғалтып алатын едік. Жүрегіне ота жасалған науқастардың қатарында аудандардан келген жаңа туған 2 нәресте бар, - дейді Мұрат Райханов.

Мұрат Арыстанұлының ай-туынша, қос сәби де туабітті жүрек ауруымен дүниеге келген. Жүректері дұрыс жетілмегендік-тен екеуіне де шұғыл түрде операция жасалған. Дәрігердің сөзіне сүйенсек, жүректің қауіпті ауруы кезінде операция жедел түрде жасалмаса, науқас мүгедектікке шалдығуы мүмкін. Орталық адамдарды қабылдау кезінде карантин режимінің ережелерін толықтай сақтаған. Бұл ретте арнайы орындар дайындалып, науқастардан COVID-19-ды анықтауға мүмкін-дік беретін ПЦР тест алынды. Бірақ ақ желеңділер шұғыл отаны қажет еткендерді сараптама нәтижесін күтпей-ақ күрделі отаға жатқызған. Індеттен сақтану үшін мамандар арнайы киім киген. Ал уақыт жағынан кейінге шегерілген оталар кезінде дәрігерлер науқастар-дың тест нәтижесін күткен.

Осылайша, білікті дәрігерлер талайдың тағдыры қыл үстінде тұрғанда дертіне дауа тауып, ажалға арашашы болып келеді.  Жоғарыдағы отаның тең жар-
тысын жасаған кардиохирург Мұрат Райханов - Қарағанды мемлекеттік медициналық уни-верситетінің түлегі. Жалпы хирургия мамандығы бойын-ша интернатурада білім алған. 2006 жылы «Болашақ» халы- қаралық бағдарламасы бойын-ша Мәскеу қаласындағы А.Н. Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары ұлттық ғылыми хирургия орталығынан оқып келген.

Шыны керек, әлемді алаң-датқан ауыр індетпен күресіп жатқан кезде күніне 24 сағат жұмыс істеп, науқастарға ота жасаған кардиологиялық орта-лықтың мамандарының әрекетін нағыз ерлікке балаймыз!

 

А.ҚУАНЫШЕВА.

saryarka-samaly.kz