Маржан Имятқызы 1964 жылы 19 наурызда Павлодар облысы бұрынғы Краснокутск ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Физика және математика» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» маман-дығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Краснокутск ауданы Харьков орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1987 жылдан 1993 жылға дейін Краснокутск ауданы Жданов орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді.

1993 жылы педагогикалық қызметін аяқтап, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында кадр және іс-қағаздар жүргізу жөніндегі инспектор болып жұмыс істей бастады. 1995 жылдан бастап 2003 жылға дейін ішкі істер органдарында, алдымен, Ақтоғай АІІБ паспорттық үстелінің паспортшысы, одан кейін Павлодар облысының ІІБ-да еңбек етті. 2003-2004 жылдары Павлодар қаласының сауда-өнеркәсіп палатасының бағалау және сараптау департаменті директорының орынбасары болды. 2004 жылдан бастап әділет органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2004-2007 жылдары – Павлодар облысы әділет департаментінің бас маманы, 2007-2013 жылдары – Павлодар қаласының әділет басқармасы бастығының орынбасары, 2013-2015 жылдары – Астана қаласы әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы, ал 2015-2019 жылдары – Астана қаласының әділет департаменті Есіл ауданының әділет басқармасының басшысы болған. Жаңа лауазымға тағайындалмас бұрын, Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz