Ержан Ертаев 1985 жылы туған. 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы», ал 2012 жылы «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастады. 2009 жылы  Павлодар облыс-тық энергетика және коммуналдық шаруа-шылық басқармасының бас маманы болып мемлекеттік қызметке кірісті. 2013-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Нормативтік-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, аккредиттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2015 жылы ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Аккредиттеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

2015-2017 жылдар аралығында ҚР Энергетика министрлігі Ақмола облысы бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаментінің басшысы, 2017-2018 жылдары - Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды. Жаңа лауазымға тағайындалмас бұрын ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz