Бұл туралы облыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомство-аралық комиссия отыры-сында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов тапсырды.

Облыстық полиция басқар-масының бастығы Нұрлан Мәсімовтің баяндауынша, облыс бойынша қылмыс көрсеткіші 21,6 пайызға (2643-тен 2071-ге дейін) төмендеген. Оның ішінде тонау 30,4, қарақшылық әрекеттері 12,5 пайызға, ұрлық 45,6 пайызға кеміген. Десе де, қасақана кісі өлтіру 62,5 пайызға (16-дан 26-ға), ауыр дене жарақаттарын салу 39 пайызға (43-тен 51-ге), отбасылық-тұрмыстық жағдайдағы қылмыстар 42,1 пайызға (9-дан 27-ге) өскен. Тергеу шаралары көрсеткендей, қылмыс жасаушылардың көпшілігі – бұл жолға алғаш рет барушылар.

Облыс әкімі бұл жағдай жаңаша шешім қабылдауды қажет ететінін айтты. Яғни, профилактикалық шара-лардың ауқымын кеңейту керек. Аудан-қала әкімдерімен бірлесіп жан-жақты талдау-лар жүргізу қажет.

Қазіргі кезде кәмелет жасқа толмаған балаларды қорғау да үлкен маңызға ие. Өкінішке қарай, оқушылар арасында зорлық-зомбылық көрсету, ата-аналар тарапынан қысым-шылық көрсету мәселе-лері жиі бой көрсетуде. Өгей ата-аналардың да мейірімсіздігінен жапа шегушілер баршылық. Облыстық білім беру басқар-масының басшысы Дінислам Болатханұлының мәлім-деуінше, кәмелет жасқа толмағандарға байланысты қылмыстық әрекеттер отбасында жасалатындықтан, білім беру ұйымдарында бере-кесіз отбасыларда тұратын балалар туралы мәліметтер жинақталады. Өкінішке қарай, облыс көлемінде әлеуметтік педагог, психологтардың біліксіздігі, тіпті кейбір аудандарда жетіспеушілігі орын алған. Психологтар депрессивті жағдайдағы, мінез-құлқы алаңдатарлық балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Осыны барлық әкімдер ескермей отыр. Облыс басшысы аудан-қала жетекшілеріне бұл проблеманы шешуді тапсырды. Әрі қарай да профилактикалық іс-шараларды кеңейтуді мін-
деттеді.

Бұдан кейін комиссияда қаралған мәселе – абақ-тыдан босаған, оқушаулауға жатпайтын жазаға кесілген азаматтармен жұмыс жүргізу жағдайы. Бұл ретте де қынжылтатын тұстар бар. Мысалы, жұмыспен қамту органдарына жіберілген 212 адамның тек 24-і ғана жұмысқа орналастырылған. Облыс әкімі көптеген мемлекеттік бағдарламалардың бар екенін еске салды және аудандардың тиісті квота берулерін ескертті.

Комиссия төрағасы Ә.Сқақов аталған мәселелерді шешу бойынша жаңадан жол картасын әзірлеуді тапсырды.

 

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz