Бас қосуда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов 2019 жылы жүргізілген тексерістер нәтижесіне, мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлеріне тоқталды.

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 3719 ереже бұзушылық анықталды. Соның салдарынан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың 10 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 17-сіне әкімшілік іс қозғалды. Оған қоса, мемлекет пайдасына 467 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Жергілікті атқарушы органдар көрсететін 171 мемлекеттік қызметтің 143-і электрондық және балама түрінде ұсынылады. 28 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде қызмет берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі. 2018 жылмен салыстырғанда электрондық қызмет көрсету үлесі 12%-ға, 2017 жылмен салыстырғанда 28%-ға өскен, - деді Т.Жұмағұлов.

Алайда өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов облыста жүргізілген антикоррупциялық жұмысқа көңілі толмайтынын айтты.

- Коррупцияға қарсы нөлдік шыдамдылықты қалыптастыру бойынша жұмыс жеткілікті деңгейде емес, тіпті кей жағдайда сөз жүзінде ғана жүргізілуде. Соңғы төрт айда тіркелген қылмыстар санының өсімі істің тиімсіздігін дәлелдейді. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда сыбай-лас жемқорлыққа қатысты қылмыстар 28-ден 69-ға, парақорлық 14-тен 52-ге өскен. Бұл - жер-жерлердегі жұмыстың формальді жүргізі-луінің нәтижесі. Осы орайда мемлекеттік қызмет көрсету ісін барынша цифрландыруды қамтамасыз етіп, көлеңкелі экономиканың үлесін максималды түрде қысқартуды тапсырамын, - деді Ә.Сқақов.

Бұдан бөлек, облыс әкімі бүгінде аймақта Egov сайтымен жұмыс жасай алмайтын адам-дарға мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн алуға көмек көрсететін фронт-офистер тек өңірдегі үш қала мен бір ауданда ғана жұмыс істейтінін айтты.

- Егер де сіздер сыбайлас жемқорлықпен нақты күрес жүргізгілеріңіз келсе, бұған негіз болатын жағдай жасамаула-рыңыз керек. Оған мүмкіндік бермей, максималды түрде электрондық форматқа көшу қажет, - деді өңір басшысы.

Отырыста  облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Тілеулесов осы бағыттағы идеологиялық жұмыс туралы баяндады. Шенеуніктің сөзіне сенсек, атқарылған жұмыстың нәтижесінде халықтың 85%-ы антикоррупциялық саясатты қолдайды.

- Қазір өңірлік БАҚ-тарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 14 айдармен түрлі бағдарла-малар мен материалдар жарыққа  шығып келеді. Бұл қатарда облыстық «Сарыарқа самалы» мен «Звезда Прииртышья» газеттерінде  сот қызметі, құқық қорғау қызметі және қадағалау органдары туралы тұрақты материалдар жарық көріп тұрады. Сонымен қатар, осы жылдың басынан бастап «Ertis» телеканалында 10 минуттық «Арым бар», «Ирбисте» «Айтарым бар» хабарлары шықса, облыстық «Халық радиосында»  «Заң аясында», «Правовой час» бағдарламалары жарық көреді, - деді ол.

Ал Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкенов аталған тақырып негізінде облыс орта-лығында атқарылған жұмыс-тарға тоқталып өтті. Оның сөзінше, шаһар көшелеріне жемқорлыққа жол бермеуге үндейтін 12 билборд ілінген болса, қоғамдық көліктердегі 19 мониторда дәл осындай бейнероликтер үздіксіз жүріп тұрады. Сондай-ақ 2019 жылы ашылған «Open Pavlodar» фронт- офистің жұмысына тоқталды.

- «Open Pavlodar» фронт- офисіне ағымдағы жылдың 3 айында 34 086 павлодар-лық хабарласқан. Олардың 15 489-ына мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 18 597-сі маман кеңесін алды. Бұдан өзге, «Ashyq kabinet» жобасы арқылы қала тұрғындары шаһар басшысымен ешқандай алдын ала жазылусыз кездесе алады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жерлестерімізге бәрі айқын әрі қолжетімді болып отыр, - деді Қ.Нүкенов.

Жиын соңында аймақ басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тәуекелдерін азайту бойынша жоспарды түбегейлі қайта қарастыруды, мемлекеттік қызмет көрсету ісін барынша цифрландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz