Жыл басындағы жағдай бойынша облыста 11 мұражай жұмыс істейді. Қорық-мұражай-лардағы тарихи және мәдени ескерткіштерінің жалпы саны 171,4 мыңға тең. 2019 жылы жәдігерлердің 11,7 мыңы көрмелерге қойылған. Деректерге сүйенсек, облыс аумағындағы мұражайларға 242,8 мың адам келіп, 4,7 мың экскурсия жүргізілген.

2019 жылы облыста 232 кітапхана жұмыс істеген. Кітапха-налардың оқу залдарындағы орындар саны – 2,9 мың. Пайдаланушылар саны – 437,9 мың адам. Оның ішінде интернет-ресурсын пайдаланушылардың үлесі 19,6%-ға өсіп, 492,3 мың адамды құраған. Кітапханаларға келушілер саны -  2508,4 мың адам. Кітапханалардың қоры - 4631,1 мың экземпляр, электронды каталогтың көлемі 56,6 мың бірлікті құрады.

Былтыр облыста 4 театр жұмыс істеді. Театрлар 465 іс-шара өткізген. Шаралардың 269-ы немесе 57,8%-ы балаларға арналған. Көрермендер саны 84,3 мың адамды құрады. Балалардың үлесі – 41,3 мың адам. Театрлардың репертуары 70 спектакльден тұрады. Оның ішінде көрерменге 13 жаңа қойылым ұсынылды.

Өткен жылы облыста 261 мәдени-демалыс ұйымы жұмыс істеді. 14,1 мың мәдени-бұқаралық шара өткізілді. Оның 4,4 мыңы немесе 31,2%-ы балаларға арналған. Облыстың мәдени-демалыс құралымдарында 366 үйірме, қолданбалы шығарма-шылық және қолданбалы білім курстары, әуесқой бірлестіктер мен клубтар бар. Оның 221-і (60,4%) балалар үшін жұмыс істеді. 1182 көркем өнерпаздар шығармашылық ұжымының 711-і (60,2%) – балалар ұжымы. 2019 жылы көркем өнерпаздар шығармашылық ұжымына 11,9 мың адам қатысқан. Балалар ұжымына қатысушылар саны – 7,2 мың адам (64,7%).

Павлодар облысы аумағында жұмыс істейтін ойын-сауық және демалыс саябақтарының жалпы саны - 3. Саябақта 30 демалыс нысаны бар. Оның ішінде аттракциондар саны – 20. Бос уақытты өткізетін нысандарға 140,9 мың адам келді. 2019 жылы саябақтар 208 бұқаралық мәдени іс-шара ұйымдастырған.

2019 жылы облыста 4 кинотеатр жұмыс істеді. 27,6 мың киносеанс жүргізілді. Оның 7,1 мыңы немесе 25,7%-ы балаларға арналды. Киносеанстарға келушілер саны – 590,1 мың адам. Ал балалардың үлесі – 189,1 мың адам.

 

Әзірлеген - Фархат Әміренов.

saryarka-samaly.kz