- Талғат Абдоллаұлы, көпшілік-тің үмітін үкілеген «5-10-20» жаңа бағ-дарламасының талаптары мен шарт-тары қандай?

- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін «Нұрлы жер» бағдарламасының кезекті бағыты ретінде «5-10-20» ипотекалық бағдарла-масын әзірлеуді жүктеді. Қазіргі кезде аталмыш бағдарламаның барлық талап-тары жан-жақты сараланып, пилоттық жоба ретінде қарастырылуда. 1 шілде күні қабылданады деген жоспар бар. Бүгінде нақты белгілі талаптар: баспана алуға ниетті азамат жергілікті атқару орга-нында тұрғын үй кезегінде тұрып, алғашқы жарна ретінде пәтер құнының кемінде 10 пайызын төлеуі тиіс. Сол кезде ипотекалық несие 5 пайыздық мөл-шерлемемен 20 жылға дейін беріле-ді. Павлодар облысында жеке құры-лыс компаниялары ұсынған жаңа үй-лердің бағасы 12 млн. теңгеден аспауы керек. Ал жергілікті әкімдіктер салған несиелік үйлердің бір шаршы метрі үшін белгіленген баға - 160 мың теңгеге дейін. Сонымен қатар, Мемлекет бас-шысының тапсырмасына сәйкес, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жанынан жыл соңына дейін «Отбасы банкі» құрылады. Бұл институт баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке алу, тіркеу және тұрғын үйді үлестірумен айналысатын болады.

- Осы орайда отбасылардың табысы қалай ескеріледі?

- Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар-дың қай бағдарлама аясында баспана-лы бола алатыны тұрғын үй қолжетімділі-гі сатысы бойынша бағаланады. Атап айтқанда, табысы төмен, яғни отбасының бір айлық кірісі жан басына шаққанда бір күнкөріс минимумынан аспайтын отбасыларға сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мүмкіндігі ұсынылады. Екі күнкөріс минимумына дейін табыс табатын көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар «Бақытты отбасы» бағдарламасына, ал 3,1 күнкөріс минимумына дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар «5-10-20» жобасына қатыса алады. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап күнкөріс минимумы 32 668 теңгеге дейін өсті. Осылайша, «5-10-20» арқылы баспаналы болу үшін жан басына шаққандағы отбасы табысы 101 270 теңгеден аспауы тиіс.

- Айлық табысты есептеген кезде әлеуметтік төлемдер ескеріле ме?

- «Бақытты отбасы» бағдарламасында төлем қабілеттілігін растау кезінде мемле-кеттен алатын түрлі төлемдер есептеледі. Ал «5-10-20» бағдарламасына қатысты мұндай талаптың болар-болмасы әзірше белгісіз. Ол тек 1 шілдеде нақтыланады.

- Павлодар облысында тұрғын үй кезегінде тұрған адам «5-10-20» бағдарламасы арқылы басқа аймақ-тан үй ала ала ма?

- Жоқ, ол үшін сол облысқа барып, ондағы тұрғын үй кезегіне қайта тұруы тиіс. Жалпы, бүгінде аймағымызда 27 мыңнан астам адам кезекте тұр. Олар аталмыш бағдарлама арқылы Павлодар облысының аудан-қалалары-нан ғана баспаналы бола алады.

- Енді «Бақытты отбасы» бағ-дарламасына ойыссақ... Биыл бұл бағдарлама бойынша қанша павло-дарлық қоныс тойын тойлады?

- «Бақытты отбасы» бағдарламасы - ең тиімді жобалардың бірі. Сол арқылы тұрғын үй кезегінде тұрғандар үй бағасы-ның 10 пайызын алғашқы жарна ретінде
төлеп, 20 жылға дейін жылдық 2 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады.

12-19 наурыз аралығында Павлодар қалалық қаржы бөлімі 497 өтінішті қабылдап, түрлі себепке байланысты 15 өтінішті кері қайтарған екен. Қалған 482 өтінішті қарастырып, бүгінде біздің банкке 338 жолдама берді. Себебі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» атал-мыш бағдарлама бойынша өтініштерді қарас-тыру үшін міндетті түрде жергілікті әкімдік берген жолдама болуы керек. Бүгінде сол 338 өтініштің 76-сы мақұл-данып, тұрғындар өздерінің көңілдерінен шығатын, отбасына лайық пәтерлерді іздеп жатыр. Көңілге қоным-дысын тапқан соң біз несие беріп, баспаналылар қатары толығады.

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан - Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

saryarka-samaly.kz