Сапада мін болмауы керек

Бүгінде аудан орталығында 24 пәтерлі, 2 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысы басталған. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бұл жұмыстарға 680 млн. теңге бөлінген.

Аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің бас-шысының міндетін атқарушы Гүлнәр Мұсабаеваның айтуынша, бұл пәтерлер аз қамтылған отбасылар мен үй кезегінде тұрған жас отбасыларға беріледі. Тұрғын үйлердің құрылысын күзде аяқтау жоспарланған.

Бұдан бөлек, ауданда екі пәтерлі он тұрғын үйдің де құрылысы қарқынды жүргізілу-де. Оның алтауы  - аудан орта-лығында, екеуі Қызылқақ ауылын-да, бір-бір үйден Бұланбай мен Ұзынсу ауылдарында салынуда. Бұл үйлер Қазақстанның жұмыс күші мол аймақтарынан «Еңбек» бағдарламасы бойынша көшіп келген адамдарға берілетін болады. Осылайша мұнда тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны 30 пайызға қысқармақ.

Өңір басшысы құрылыс сапа-сын мұқият бақылау үшін аудан тұрғындары арасынан арнайы бақылау тобын құруды тапсыр-ды. Құрылыс саласында көп түйткіл дәл осы сапаға байла-нысты болатынын ескертті.

Инфрақұрылым және инвестиция

Ертістегі аты көпке мәлім шаруа қожалығының бірі - «Оразбаев». Кәсіпорында тәулігіне 45 тоннаға дейін астық өңдейтін диірмен кешені жұмыс істейді. Шаруашылық басшысы Сайлау Оразбаев 620 басқа арналған  тауарлы сүт фермасын салу жобасын таныстырды. Кешенді екі жыл ішінде салу жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі шамамен 1,7 миллиард теңгені құрайды.

«Иртышское» тәжірибе-лік шаруашылық егістігінде Әбілқайыр Сқақовқа ауданда-ғы көктемгі егіс жұмыстары туралы баяндалды. Бүгінде мұн-да 173 мың гектар алқапқа егін егіледі. Бұл жылдық жоспардың 71 пайызын құрайды. Мамыр айының соңына дейін ертістік шаруалар алқаптардың 95%-на тұқым сеуіп үлгерген. Енді маусым айының басында жарма дақылдары мен көпжылдық шөптерді егуді қолға алмақ. Бір қуантарлығы, суарылмайтын қыр жерлер енді суарылатын болады. Биылғы жылы мұнда бидай, қарақұмық, соя және жүгері өсірілетін 1 мың гектар жер суарылады.

- Бүгінгі таңда Ертістің суын пайдалану және суаруды дамыту - өте перспективалы бағыт. Болашақта бұл өнімділікті едәуір арттыруға және жем-шөп базасын нығайтуға мүмкіндік береді. Агроөнеркәсіптік кешенде жаңа өндірістер құруға және қайта өңдеуді жолға қоюға жағдай жасалған. Бірақ бұл үшін жер пайдаланушылар инфра-құрылымдар құрылысымен қатар өздерінің инвестициялық бағдарламаларын жасаулары керек. Ауданның және жалпы өңірдің экономикасы үшін жұмыс істейтін жер учаскелері тоқтап қалмауы керек, - деді Ә.Сқақов.

Су қоры жеткілікті

Биыл аудандағы 27 ауыл немесе тұтас аудан халқының 96,4%-ы сапалы ауызсумен қамтамасыз етілмек. Ал келесі жылы бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарлануда.

- Аудандағы 10 ауыл Беловод топтық су құбыры аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінің тізіміне енгізілді. Бұл су пайдаланушы
лар үшін тарифті субсидиялауға мүмкіндік берді. Бұған дейін ауыл тұрғындары тұтынған судың текше метрі үшін 300 теңгеден төлеп келсе, жақын уақытта төмендетілген мөлшерлемемен төлейтін болады, - деді аудан әкімі Аян Бейсекин.

Белгілі болғандай, топтық су-мен жабдықтау жүйесінің өнім-ділігі тәулігіне 6 мың текше метр-ді құрайды. Ал қазіргі кезде бар-лық тұтынушылар тәулігіне 2 мың
текше метрден артық су пайдаланбайды. Қорда қалған 4 мың текше метр суды өңір тұрғын-дары қандайда бір апат орын алған жағдайда кемі 3 күн пайда-
лана алады екен. Осы ретте ай-мақ басшысы Беловод топтық су құбырына таза ауызсу жет-пеген  көрші аудандардағы ауылдарды қосу мүмкіндігін қарас-тыруды тапсырды.

 

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ, Ертіс ауданы.

saryarka-samaly.kz