Үздіктер қатарында

Жаңа маусымның басынан-ақ филармонияның өнерпаздары өздерінің шығармашылық мүм-кіндігін түрлі байқауларда сынап үлгерді. Ол бекер болмады, өнерпаздар жүлдемен оралды. Халықаралық және республика-лық додаларға қатысқан әртістер тек үздіктер қатарынан көріне білді. Мәселен, филармонияның камералық хорының көркемдік жетекшісі Мәдина Нұрғожинова Түркия елінде өткен ІІ халықара-лық өнер байқауында «Аранжировка» аталымында 1-орынға ие болды. Осылайша өнер маусымын жеңіспен бастаған филармония-ға кезекті жүлдені эстрада әншісі Руслан Жұмабаев әкелді. Ол - республикалық «Бурабай толқын-дары» атты аймақтық телевизия-лық фестивалінің дипломанты атанды. Ал павлодарлықтардың ерекше ықыласына бөленіп жүрген «Samiyan» тобы Теміртау қаласында өткен «Жұлдыз-2019» республикалық байқауында «Көрермен көзайымы» аталымына ие болды.

Алғашқы дирижерлер шеруі

Былтыр Қазақ КСР-інің халық артисі, атақты  домбырашы, күйші Рүстембек Омаровтың 100 жылдығы елімізде кең көлемде аталып өткені мәлім. Осыған орай филармония ұжымы аймақта алғаш рет халы-қаралық дирижерлер шеруін ұйымдастырды. Киелі Ертіс-Баян өңірінде өткен ауқымды шарада Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және еліміздің өзге өңірлерінен келген дирижерлер өнер көрсетті.

Дирижерлер шеру-фести-валінің шымылдығын филармо-нияның Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі дәулескер күйшінің авторлық жалғыз туындысы «Жастық шақ» күйімен ашқан болатын. Оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Кәрімов. 

Алтай мен Атыраудың, Шығыс пен Батыстың, Ертiс пен Едiлдiң, Арқа мен Алатаудың өнерпаздары бас қосқан өнер кешінде Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Владимир Кончев пен халықаралық байқаулардың лау-реаты Добрыня Сатин ұсынған «Алтай» сюитасы көрерменнің ыстық ықыласына ие болған еді.

Айтулы шарада Моңғолия Республикасынан арнайы келген Чинбат Орхонбаатордың орын-дауындағы «Бүркітші қыз» шығармасының тұсауы кесіліп, көрерменнің ерекше қошеметіне ие болғаны бар.  Жаңа туындыны өнер иесі сиырдың мүйізінен жасалған моңғол халқының үрмелі аспабы - эвэр-бурээмен Р.Омаров атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсеткен болатын.

Сонымен қатар, жерлесіміз, дәулескер күйші Р.Омаров негі-зін қаласқан және ғұмырының соңына дейін өнер көрсеткен Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бұл кеште өнер көрсетпеуі мүмкін емес еді.

Шетелден келген қонақтар

Филармония ұжымы осы маусымда да жылдағы дәстүрінен жаңылмай, павлодарлықтарға шетелдік танымал жұлдыздардың өнерін тамашалауға мүмкіндік берді. Мәселен, Естай атындағы мәдениет сарайында «Мәдениет Синергиясы» жобасы  аясында филармонияның джаз оркестрі-нің концертіне АҚШ-тан келген GRAMMY сыйлығының иегері, джаз әншісі – Джейми Дэвис пен Ресейдің джаз пианисі Алексей Черемизов қатысты.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен «Джаз аңыздары» атты шарада өңірлік джаз оркестрі атақты Сэмми Нестиконың «Magic Fly» және «The heat’s on» туындысын көрерменге тарту етсе, джаз өнерінің королі Джейми Дэвис аталмыш оркестрдің сүйемелдеуімен өз репертуарындағы таңдаулы шығармаларын орындаған-ды. Ол қатарда Харрисон-Лигтонның «Something», Стиви Уандердің «Isn’t she lovely» және Вероника Веласкестің «Besa memucho» шығармалары болды.

Бұдан бөлек, симфониялық оркестр «Қазіргі заманғы форте-пиано музыкасы» атты концерті-не ресейлік танымал композитор әрі пианист Евгений Соколовский қатысқан. Әр өнер кешінде тың-дармандарын тосын сыйлармен таң қалдыратын ұжым үшін шет-елдік өнер жұлдыздарымен бір сахнаны бөлісу де қиындық тудырмайды.

Әлемді аузына қаратқан...

Өткен жылдың  қазан айында филармонияның 80-нен астам әртісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Кәрімовтің жетекшілігімен Ресейдің Новосібір мен Омбы қаласына гастрольдік сапармен барып келді. Кейін өнер ұжымы Малайзияда өткен халы-қаралық фестивальге қатысты.

Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруы-мен желтоқсан айында Аспан-асты еліне аттанған павлодар-лық өнерпаздар бұл сапардан да үлкен әсермен оралғаны есімізде. «Әнім, шарықта» атты ән кешінде филармонияның 17 әртісі Қытайдың Үрімші қала-сында өнер көрсетті. Бұл сапар-да жерлестеріміз әйгілі қазақ композиторларының танымал әндерін орындады. Ол қатарда Естай Беркімбаевтың атақты «Құсни - Қорланы» мен Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні» бар. Қазақстандағы Қытай елшілігі мен Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауы-мен өткізілген.

Мұнда филармонияның «Нұр» би ансамблі, «Ретро» вокалдық ансамбль, «Samiуan» вокалдық тобы, сонымен қатар, халықара-лық байқаулардың лауреаттары Серік Рысбек, Наталья Процкая, Салтанат Темірханова өнер көр-сеткен болатын.

Елмен бірге...

Өнер маусымының соңына дейін өз көрермендерін жаңа бағдарламалармен қуантуды жоспарлап отырған ұжым елдегі Төтенше жағдай кезінде жұмысын тоқтатқан еді. Алайда, өнерпаздар үйде болса да жерлестеріне әсем ән мен күмбірлі күйлері арқылы рух беріп отырды. Күн сайын инстаграм әлеуметтік желісі арқылы ән кештерін ұйымдастырды. Бұдан бөлек, өнер иелері жергілікті телеарналар мен «Халық» радиосының тікелей эфирінде де ән кештерін беруді дәстүрге айналдырды.

Осы жылға жоспарланған кештердің қатарында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай көрермен назарына ұсынылатын пен «Шернияз» би ансамблінің жеке кеші алдағы маусымға қалдырылды.

Осы маусымда Алтын Орда-ның 750 жылдығы мен танымал композитор, музыкант, Қазақ КСР-нің халық артисі, ҚР Мем-лекеттік сыйлығының иегері Ескендiр Хaсaнғaлиевтің 80 жас мерейтойына арналған жеке орындаушылар мен джаз оркестрінің «Айналайын» атты ән кешіне көрермен жоғары баға бергенін атап өткен жөн.

Қазақ мәдениетін, соның ішінде әні мен күйін, жыры мен дастанын әлемге танытып жүрген жергілікті өнер ошақтарының арасында дараланатын облыстық филармонияның осы маусымда жеткен жетістігі аз емес.  Көзі қарақты көрерменнің алдағы маусымнан күтері мол. 

 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz