Облыстық ауыл шаруа-шылығы басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта 618,3 мың гектар алқапқа дәнді дақыл-дар егілген. Бұл аймағы-мызда жоспарланған алқаптың 83 пайызын құрайды. Айта кетейік, биыл өңірімізде диқандар  750 мың гектар жерде дәнді дақыл өсіруді жоспарлауда. 212,5 мың гектарға майлы дақылдар  дәні егілсе, 59,8 мың гектар егіске біржылдық шөптің тұқымы себілген. Мұнда да жоспарланған көлемнің 90 пайызға жуығы жүзеге асқан. Ал 50,2 мың гектарға көпжылдық шөп егілген. Көкөніс өсірумен айналысатын шаруалардың да тірлігі қызу. Олар бүгінде 6,8 мың гектарға көкөніс тұқымын сеуіп, жұмыстың 94 пайызын орындап үлгерген. 18,8 мың гектар алқапқа картоп отырғызылған. Яғни көзделген 19,3 мың гектардың 97 пайызына картоп тұқымы салынды. Бақша дақылдарын өсіретін бағбандар  1,7 мың гектарға дән сепкен. Жоспар – 2,5 мың гектар.

Жалпы, ағымдағы жылы аймағымызда  егістік алқабы 1 480,3 мың гектарды құрайды деп болжануда. Бұл өткен жылғыдан 153,1 мың гектарға немесе 11,5 пайызға артық. Статистикалық мәліметтерді салыстырсақ, өткен жылғыдан қарағанда дәнді дақылдар алқабы кеміп, есесіне майлы дақылдар тұқымы себілген алқап ауқымы артқан. Сондай-ақ, шаруалар мал азығын өсіруге ден қойғаны байқалады. Мәселен, былтыр облыста 322,7 мың гектарға жем-шөп тұқымы егілсе, биыл бұл аумақ 460 мың гектарға жеткен. Картоп пен көкөніс алқабы да ұлғайыпты. Бақша дақылдарының егістік көлемі сәл кеміген.

Облыстық ауыл шаруа-шылығы басқармасының егіншілік және механикаландыру бөлімінің бас маманы Байболат Рақымжановтың айтуынша, биылғы ауа райы көктемгі егісті әдеттегіден ерте бастауға жетелеген. Мәселен, өткен жылдар диқандар мамырдың жиырмасына қарай жаппай егуге кіріссе, биыл мамырдың басында бұл жұмыстар басталып кеткен. Шаруалар ауа райының қас-қабағын бағып, дән себу жұмыстарын соған сай жүргізуде. Әлі қарақұмық, тары секілді дақылдар егілген жоқ. Оларды маусымның 5-іне дейін егу көзделіп отыр. Дән биыл ерте егілгендіктен күзгі ору науқаны әдеттегіден бұрын басталады деп болжануда. Шамамен тамыз айының аяғына қарай егінге орақ түседі деп күтілуде.

Шаруалар егістікке қажетті керек-жарақпен қамтылуда. 14,3 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынған.  Осы бағытта жұмыстар жалғасуда. Айта кету керек, биыл аймағымызда өсімдік шаруашылығын қолдауға 4,5 млрд. теңге субсидия бөлінген. Бұл сома былтырғыдан 1,9 есеге артық. Өткен жылы осы бағытта 2,3 млрд. теңге кәдеге жаратылыпты. 

Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Агро бизнес» және «Кең дала» бағдарламалары аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге шаруаларға айналым қаражатын толтыру үшін 3,3 млрд. теңге сомасына 133 кредит берілген. Көк-темгі егіс жұмыстарына 19,1 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінген. Бүгінгі таңда оның 18,2 мың тоннасына шарт жасалып, оның 14,8 мың тоннасының ақысы төленген. 12,9 мың тоннасы шаруашылық іргесіне жеткізілген.

 

Гүлжайна Түгелбай

saryarka-samaly.kz