Елдігіміздің нышаны, егемен-дігіміздің дәлелі болатын Мемлекеттік рәміздерді жасау үлкен жауапкершілік жүктейтіні анық. Бүгінде еліміз бойынша мемлекеттік рәміздерді өнді-ретін 30-ға жуық кәсіпорын лицензияға ие болса, соның 3-еуі біздің өңірде. Солардың бірі - «Rainbow» ЖШС. Нарықта 10 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді Серіктестіктің негізін қалаушы - Бекболат Ыбыраев.

- 2010 жылы осы шаруаны бастау үшін арнайы лицензия алдым. Кейіннен ол құжат рәміздердегі өзгерістерге байланысты күшін жойды. Содан 2017 жылы лицензияға қайта қол жеткіздік. Елтаңбаны жасап шығару үшін көбіне хроммен жұмыс жасаймыз. Ол алғашқы кездері қарайып кетіп, әуелгі түсін жоғалтып жатты. Осыдан кейін, Ресей Федерациясына барып, ондағы цехтардың жұмысымен танысып, өз бетімізше зерттеу жүргізе бастадық. Нәтижесінде мақсатымызға жетіп, хромның қараймайтын жолын жасап шықтық, - дейді  Б.Ыбыраев.

Қазақстанның Елтаңбасы ТМД елдерінің ішінде мазмұны терең, жасалуы өте күрделі. Серіктестік Елтаңбаны 12 см-ден бастап, 2 метрге дейінгі көлемде жасайды. Тәулігіне 200 метр Туды басып шығаратын жұмыс орнында 7 адам қызмет етеді.

- Біз материалдардың сапасына ерекше мән береміз. Ол үшін Қытайға барып, арнайы келісімшарт жасадық. Өзге кәсіпорындар байраққа тығыздығы 85 грамм болатын матаны пайдаланса, біз 105 грамды тапсырыспен алдырамыз. Тулар мен Әнұран жазылған плакаттарды басып шығаратын принтерлерді де шетелден әкелдік, - дейді кәсіпкер.

Бүгінде «Rainbow» ЖШС шығаратын 12 см Елтаңбаның бағасы – 12 000 теңге болса, 2 метрлігі – 250 000 теңгеге бағаланады.

- Заңмен бекітілген стандартты қатаң сақтау үшін, талапқа сай болу үшін қырағылық қажет. Өйткені ұлттың мақтанышы, мемлекеттің негізгі нышанын айшықтайтын рәміздерді қас-терлеу – әр азаматтың парызы, - деді ол.

Көк Туымызды қастерлеп, өз үйінің төбесіне іліп қоятын жерлестеріміз де бар. Соның бірі - Кенжекөл ауылының тұрғыны Ерсайын Шапин. Айтуынша, әрбір қазақстандық ұлттық рәміздерді құрметтеп, оларды бойтұмарындай қастерлеуі керек.

- Осыдан 10 жыл бұрын Аққулы ауданы, Мерғалым ауылынан Кенжекөл ауылына қоныс аудардым. Алғаш үйімнің іргетасын қалап бастағанда «осыдан баспанам салынып бітсе, төбесіне көк байрағымды іліп қоямын» деп армандаған едім. Қазір сол арман орындалды. Бірақ, бұл күнге жету үшін біраз күресуге тура келді. Ақыр соңында Ата Заңымызда рұқсат етілгенін дәлелдегеннен кейін ғана, кедергісіз үйімнің төбесіне орната алдым. Көзім жұмылғанша, көк Туым төбемде желбіреп тұратын болады, - дейді Е.Шапин.

Әр 2 ай сайын айырбас-тап отыратын Ерсайын аға жылына 70-80 мың теңгені Туға жұмсайтынын айтты.

- Қазақ «Тәрбие талбесіктен басталады» деп бекер айтпаған ғой. Әуелі, өзгеге патриоттық туралы әңгіме айтпас бұрын, балаларымның бойына отансүй-гіштік қасиетті сіңіруім керек. Ол үшін тек Туымызды ғана емес, Әнұранымыз бен Елтаңбамыз туралы да жиі айтуымыз шарт. Осы ретте мені қынжылтатын бір нәрсе бар. Ол – көшеде шашылып жатқан тиындарды көре тұра, мән бермей өтіп кететіндерді көз көріп жүр. Айтпағым, 1 теңгелік тиын болсын, 100 теңгелік болсын, жерде жатса - көтеріңіз. Оған ақша деп емес, Мемлекеттік Елтаңбам деп қараңыз. Меніңше, елін-жерін, Отанын сүйетін әр адам бұл жағдайға бейжай қарамайды деп ойлаймын, - деді ол.

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы-ның бас маманы Динара Әбдірахманованың айтуынша,  бүгінде Ертіс-Баян өңіріндегі мемлекеттік мекемелер мен ондағы басшылардың кабине-тінде 3859 мемлекеттік Ту мен 3321 Елтаңба орналастырылған.

- Өңірімізде көлемі жағынан ең үлкен Ту облыс орталығында тұр. Оның ені 7*14 м, ал ұзындығы 30 м құрайды. Егер кірлесе немесе жөндеуге келетіндей кішігірім ақаулар пайда болса, онда қолданыстағы заңнама нормаларын сақтай отырып, Ту шешіліп, тазартылып, ақаулар қалпына келтірілгеннен кейін қайта ілінеді. Алайда, ауа райының жиі өзгеруіне байланысты тулардың реңі оңып, жыртылып жатады. Ондай кезде байрақты жаңасына айырбастаймыз. Бұл мақсатта арнайы қаржы бөлініп тұрады, - деді ол.

 

Қ.МҮСӘЙІП.

saryarka-samaly.kz