Акцияға оқушылардан бөлек ересектер де атсалысып, барлығы 4 мыңдай оқушы терезеге тудың суретін ілген. Академик Шөкин көшесіндегі 157/2, Назарбаев
даңғылы 93, 95, 97 мекенжай-ындағы үйлер белсенділік таныт-ты. Ересектер де Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бар ынта-жігерін салған.

Павлодар қалалық білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы секторы-ның меңгерушісі Жанар Тәджікова-ның айтуынша оқушылар өзде-рінің отанға деген патриоттық сезімдерін істерімен көрсеткен.

- Мектептегі тәрбиелік іс-шаралар барысында мұндай акция дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Оқушылар акция барысында мемлекеттік рәміздердің мағынасымен таныса отырып, оны құрметтеу керектігін түсінеді. Төтенше жағдайға байланысты оқушылар үйлерінде отырса да уақыттарын тиімді пайдалана білді, - дейді бөлім меңгерушісі.

Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күні ұйымдастырылған іс-шаралар мұнымен ғана шек-телмеді. Павлодар қалалық әкім-дігі мен Nur Otan партиясының қалалық филиалы бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау бойынша «Менің Қазақстаным» акциясын өткізді. Бұл шараға медицина қызметкерлері, қалалық «109» қызметі, «Трамвай басқармасы», мәдениет қайраткерлері, Халық банкі, «Small» супермаркеті, қала әкімдігінің қызметкерлері және еріктілер қатысты. Әнұранды жанды дауыспен орындап, көпшілікке бейнебаян ретінде тарту етті.

Сонымен қатар, айтулы мере-кеге орай «Мәдени еріктілер» бастаған веложарыс ұйымдас-тырылып, Мойылды елдімекенін-де «Қазақстанның мақтаныш рәміздері» атты виртуалды экс-курсия жасалды. Дойбыдан қала-лық турнир, «Jayapbar», «Мемлекет-тік рәміздердің ұлттық айшықты таңбасы» сынды көптеген игі шаралар онлайн түрде өткізілді.

 

Жансері СЪЕЗБЕК

saryarka-samaly.kz