- Зәмзәгүл Сапарғалиқызы, жаз мезгілінде көптеген мекемелер тұтынушыларын қайта қабыл-дай бастады.  Бұл тізімге кино-театрлар, жаттығу залдары қашан қосылады?

- 1 маусымнан бастап облысымызда темір жол вокзалдары, автовокзалдар, автостанциялары қызметіне кірісті. Облыс периметрі бойынша орналастырылған блок постар алынып тасталды. Сауда орын-дары қалыпты режимде жұмыс істеуде. Сұлулық салондары, ателье-лер де ашық. Бірақ әлі отбасылық той-жиындарды, спорттық шаралар мен діни мейрамдарды тойлауға рұқсат жоқ. Сонымен қатар, адамдар кинотеатрлар, жаттығу залдары, сауна, монша, бассейннің қызметін пайдалана алмайды.  Қоғамдық орындардағы тамақтану орындары бір уақытта тек 30 адамды ғана қабылдауы керек. Егер бір аптаның ішінде өңірде коронавирусты жұқтыру деңгейі 5 пайызға төмендесе, жабық тұрған мекемелер жұмысқа кірісетін болады.

- Жаз мезгілінде тұрғындар той өткізуге жоспар құратыны белгілі. Мұндай қуанышты думандарды өткізуге қашан рұқсат беріледі?

- Әзірге еліміз бойынша той-жиындарды өткізуге тыйым салынған. Жоғарыда COVID-19-ды жұқтыру дңгейі 5 пайызға азайған күннің өзінде, қоғамдық тамақтану орындары бір мезгілде тек қана 50 адамды қабылдайтын болады. Бірақ мұны мерекелік жиынмен шатас-тырмау қажет. Сондықтан жазғы той-думанның өтуіне қашан рұқсат берілетінін нақты айта алмаймын. Уақыт еншісінде.

- Жаздың алғашқы күнінде жарияланған қаулыға қарап, жұрт-шылық медициналық бетперде-лерін шешіп, санитарлық талап-тарға салғырт қарауда. Тұрғын-дардың сақтық шараларына нем-құрайлы қарауы індетті жұқ-тырушылардың қатарын артты-ра түседі деп ойламайсыз ба?

- Өкінішке қарай, аймағымызда коронавирус жұқтыру фактілері әлі де тіркелуде. Өткен аптада облыс-тағы COVID-19-ды жұқтыру деңгейі 9,2 пайызды көрсетті. Ал 1-4 маусым аралығында өсім көрсеткіші 8,7%-ға жетті. Фактілердің көбеюіне екі жағдай себеп бола алады. Оның біріншісі - коронавирусты анықтауға мүмкіндік беретін  тесті жиі өткізудеміз. Мұндай сараптама ЖРВИ, тұмау белгілері бар адамдарға жасалуда. Екіншіден, өзіңіз атап өткендей, адамдардың салғырттығы. Қаулыдағы жаңа ереже медициналық бетпердені шешуге рұқсат бермейді. Өзіміздің және өзгенің өмірін сақтау үшін дезинфекциялық шараларды қатаң сақтап, қоғамдық орындарда ара-қашықтықты қатаң ескеру шарт. Өйткені қауіпті індет мерзімдік мінез танытуы мүмкін. Сол себепті жұрт-шылыққа босаңсуға болмайтынын ескертемін.

- Аймақ тұрғындарына Алматы, Нұр-Сұлтан сынды елі-міздің өзге қалаларына жолға шығуына рұқсат берілді. Жолау-шылар өзге аймаққа жеткен кезде карантинге алына ма?

- Жоқ, бұрынғыдай карантинге алынбайды. Өйткені блок-постар жұмысын тоқтатты. Өзге қалаға бару үшін қандай да бір құжат талап етілмейді. Облысымыздың периметрі бойынша орнатылған блок-постар жұмыс істемейді. Бірақ Ресей Федерациясы шекарасының аумағына қойылған 5 автобекет алынған жоқ.  Ресейге демалуға баратын немесе сол елден біздің аймаққа келетін тұрғындар бақылау бекетіндегі талаптарға бағынуы тиіс. Олардан ПЦР тест алынып, нәтижесі шыққанша 2 күн бақылауда болады. Тағы 12 күн үй карантинінде болады.

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Айдана ҚУАНЫШЕВА.

saryarka-samaly.kz