Қазіргі уақытта Ертіс-Баян өңіріндегі 22 мәдениет ордасы-ның ғимаратында жөндеу жұмыс-тары қызу жүріп жатыр. Бұған мемлекеттік бюджеттен 2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі барқарма-сының басшысы Ернұр Дәуенов-тің айтуынша, жөндеу жұмыстары жоспар бойынша тамыз айының соңында аяқталмақ.

- Жөндеу жұмыстары қолға алынған 22 мекеменің 7-еуі - іргелі өнер ордалары. Олардың қатарында облыс орта-лығындағы 2 театр мен Естай атындағы  мәде-ниет сарайы бар. «Жұмыспен қамтудың жол карта-сы» бағдарламасы аясында жүзеге асы-рылып отырған игі бастама өз кезегінде жаңа жұмыс орында-рын ашуға сеп болды. Атап өтер-лігі, осы құрылыс жұмыстарына 636 уақытша және 36 тұрақты жұмыс орны құрылған. Бұл еңбек нарығына да үлкен көмек деп ой-лаймын. Құрылыс барысы қоғам-дық белсенділер тарапынан қатаң бақыланады. Басты мақсат - мемлекет қаржысын дұрыс игеру, - дейді Е.Дәуенов.

Осы орайда басқарма бас-шысы тілге тиек еткен 2 театр-дың бірі -  қазақ өнерінің қара шаңырағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрындағы жөндеу жұмысымен танысуды жөн көрдік. Биыл құ-рылғанына 30 жыл толып отыр-ған театр соңғы 15 жылда күрделі жөндеуден мүлдем өтпеген. Осы-ның салдарынан төбесі тесі-ліп, жаңбырлы күндері шатыр-дан су сорғалап тұратын кез-дері де аз болмаған.

Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының директоры Арман Темірбектің айтуынша, күрделі жөндеу кезін-де мұнда ғимараттың қасбеті, жылу жүйелері, сахнасы, ең бастысы, - шатыры жөнделеді.

- Қазір театрдағы жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Әуелі төбені толық-тай жаңарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, біздегі күрделі мәселелердің бірі – канализация жылу жүйесі құбыр-лары мен істен шыққан құбыр-лар өте көп болды. Осының салдарынан күздің қатты суығы мен қыстың қытымыр аязында ғимаратты жылыту сәл қиын-дық тудырып келді. Сондықтан біздің төбеден кейінгі нақты басымдық беріп отырған жеріміз - жылу құбырларын мүмкіндігінше жаңарту. Бұл қазақ театрының заман талабына сай түрленіп, көрермен-дерге жайлылық сыйлаудың тағы бір жолы деп білеміз. Театры-мыздың 30 жылдығына орай ерекше тарту болғаны сөзсіз. Көрермендермен бірге ұжым да жаңарған театрды көруге асық, - дейді А.Темірбек.

Директордың айтуынша, ауқым-ды жоспар аясында 480 орындық көрермендер залы мен сахна да адам танымастай өзгереді. Ең бастысы, киелі сахнаның күрделі механизмі автоматтандырылып, дыбыстық жүйесі жаңартылады.

Ал жөндеу жұмыстары бас-талып кеткен Естай атындағы мәдениет сарайындағы жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілуде. Басым-дық 900 орындық концерттік зал мен сахнаға берілген. Бұдан бөлек, бүгінгі заман талабына сай келмей-тін, әрі тозған дыбыстық жүйе де қалыпқа келтірілмек.

 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz