- Самал Оспанқызы, өткен оқу жылы несімен есте қалды?

- Шыны керек, биыл білім беру саласында біршама өзгеріс болды. Атап айтар болсақ, елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Аталған құжат ұстаздар қауымының абыройын асқақтатып, қоғамдағы алатын орнын айқындап берді. Сондай-ақ, білім беруді дамытудың инновациялық жобалары жүзеге асты. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы қалалық мұғалімдер мен оқушыларға жаңа серпін берді. Оның үстіне, төртінші тоқсанда балаларымыз қашықтан білім алып, ол сынақтан да сүрінбей өтті. Өткен оқу жылы осындай оқиғаларымен есте қалды. Соған қарамастан, оқушыларымыз үшін ағымдағы оқу жылы сәтті аяқталды деп ойлаймын.

Жалпы, биыл қала бойынша 1-11-сыныптарды 45 мыңнан астам оқушы бітірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 мың балаға артық. Ал 1 150 түлегіміз алтын ұясымен қоштасты. Олардың қатарында 35 «Алтын белгі» және 30 үздік аттестат иегері бар.

- «Ұстазы жақсының ұста-мы жақсы» демекші, қала мек-тептеріндегі ұстаздар жетіс-тігіне көңіліңіз тола ма?

- Әрине, шаһар мектептерінде жетістікке жеткен, табысты ұстаз-дарымыз аз емес. Бүгінде қаланың білім беру жүйесінде 6 775 педа-гог еңбек етсе, оның ішінде 3 011 мұғалім бар. Осы ұстаздар-дың қатарында 893 жоғары және 1 санатты мұғалім, 318 сарап-шы педагог, 817 зерттеуші педагог және 17 шебер педагог бар. Бұл – жақсы көрсеткіш деп санай-мын. Негізінен, мұғалімдердің аттестациясы педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі маңызды фактор болып табылады. Ал 2020 жылы жаңа форматта аттестатталған педагогтардың үлесі 19%-ға ұлғайып, 48,2%-ға жетті. Демек, іс жүзінде қаладағы әрбір 2-ші педагог Ұлттық біліктілік тестінен сәтті өтті деген сөз. Сонымен қатар, жыл сайын қала мектептері жас ұстаздармен толығуда. Мәселен, 2019-2020 оқу жылында 158 жас маман келді. Ал соңғы 3 жылда қаладағы білім беру ұйымдарына 400-ден астам жас маман келді. Бұл ретте, жас мамандар мектебі жүйелі жұмыс істейтінін, яғни, тәлімгерлік қызметтің (менторлық) дамығанын атап өткен жөн. Бұған дәлел ретінде №9, 11, 24, 34, 39, 40 мектептердің әдістемелік қызметтерінің жұмыс тәжірибесінің облыс деңгейінде таныстырылуын айтуға болады. Қуантарлығы, 10 жыл бойы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен ұйымдастырылған жас мамандардың кәсіби клубы (ПроЛС) табысты жұмыс істеп келеді. Аталған клубта жас педагогтар үшін «Педагогикалық дебют» номинациясы бойынша интернет-сабақтар, фестивальдер жиі ұйымдастырылады.

Шаһар мектептерінде жекелеген жетістіктерге жетіп жүрген мұғалімдер де көп. Айталық, №19 мектептің информатика мұғалімі Алмас Серікбаев республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, «Педагогикалық идеялар фестивалі–2019» республикалық байқауында №40 мектептің математика пәні мұғалімі Алина Бастенова мен  Қымбат Матай І орын, «Дарынды балаларға - талантты ұстаз – 2019» сайысында №40 мектептің логопед маманы Асылбек Жанбота ІІІ орын иеленді. Ал облыстық деңгейде өткен түрлі байқауларда топ жарып жүрген ұлағатты ұстаздарымыздың көп екенін мақтанышпен атап өткім келеді. Мәселен, 19 жас мұғалім қатарынан облыстық «Педагогикалық бастамалар», «Үздік әдістемелік - дидактикалық құрал», «Заманауи сабақ» интернет-фестивалінің жүл-дегері атанды. Осының барлығы - жас педагогтарға деген қолдаудың жемісі. Мұғалімнің шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуды мақсат еткен облыстық «Үздік педагог-2020» байқауында да №21 мектептің тарих және география пәні мұғалімі Гүлмира Есмақаева бас жүлдені жеңіп алды. Ол - республикалық педагогикалық шеберлік орталығының тренері және ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған тест жинағының авторы. Шаһардағы білім ордаларында республикаға есімі етене таныс Әсия Жұмабаева, Светлана Барвих, Жанар Жақсылықова, Алина Терешкина, Илья Поляков,  Алмаз Серікбаев сынды талантты мұғалімдер бар. Олар қаланың білім сапасының жоғары деңгейде бағалауына зор үлес қосуда. Осындай педагогтарымызбен мақтанамыз.

- Қала мектептерінің жабдықталуы қалай?

- Иә, білім беру ұйымдарының сенімді және тиімді жұмыс істеуінің маңызды шарты білім беру жүйе-сінің инфрақұрылымын нығайту және дамыту болып табылады. Осы орайда қала мектептерін материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету - алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі. Бүгінгі күні шаһар оқушыларына арналған 6 300 бірлік компьютер бар. Егер былтыр 133 компьютер сатып алынса, биыл бұл көрсеткіш 4 есеге көбейіп, 560 компьютерлік техника оқушылардың пайдалануына берілді. Және де 658 интерактивті тақтаның көмегімен балалар өз білімдерін жетілдіруде. Қазіргі таңда мұндай кабинеттер саны – 179. Сонымен қатар, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қала мектептеріне домбыра сабағын енгізу мақсатында кабинеттер ашылуда. Мұндай кабинеттер №9, 18, 19, 30 мектептерде ашылды. Яғни, бүгінде 15 білім беру мекемесінде 337 оқушыны қамтитын домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Ал жаңа оқу жылында 26 мектеп жалпы сомасы 10 млн. теңгені құрайтын домбыра сыныптарымен толығады деп жоспарлануда. Сол арқылы балалардың бос уақытын  қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік берілмек.

Атап өтерлігі, қала мектептеріне ірі кәсіпорындар да қолдау көрсетуде. Мәселен, ERG халық-аралық компаниясымен екіжақты ынтымақтастық меморандум шең-берінде бірнеше білім беру мекемесінің кабинеттерін заманауи жиһаздармен жабдықтауға және ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 34,4 млн. теңге бөлінді.

- Жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

- Әрине, білім ордаларын жөндеу жұмыстары күн тақырыбында тұр. Бастысы, қажетті қаражат жеткілікті.

Ағымдағы жылы білім беру жүйесінің бюджеті 26,4 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде даму бюджеті 1 миллиард теңгеден асып, 1,5 пайызға артты. Бұл қаражаттың басым бөлігі мектептерді жөндеу жұмыстарына бағытталмақ. Мәселен, қаладағы 13 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 551,9 млн. теңге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде №6, 28, 34, 39 мектептерге 429,1 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге - 75,1 млн. теңге, білім беру нысан-дарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға - 460 млн. теңге, Кенжекөл ауылы мен Ленин кенті үшін мектеп автобусын сатып алуға - 29,8 млн. теңге, жаңартылған мазмұн бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сатып алуға - 309,6 млн. теңге және өзге де мақсаттарға қаражат қарастырылды. 

- Егер лагерь маусымын ашуға рұқсат берілсе, шаһар балаларының демалысын ұйымдастыру ісі қалай болады?

- Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып, бас санитар дәрігердің шешімі шықса, лагерь жұмысын бастауға әзір. «Жаз-2020» жазғы науқаны барысында Павлодар қаласы бойынша 38 мектеп жанындағы лагерь бірден жұмысқа кіріседі. Яғни, ұзақтығы 15 күн болатын 2 маусымда күндізгі мектеп жанындағы лагерьлер ашу жоспарлануда. Сонымен қоса, 45 профильдік лагерь жұмыс істейді. Жалпы, биыл қаладағы 1-10-сыныпта білім алатын 44 162 оқушыны жазғы демалыспен және жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл мақсатқа 23 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар 100%, ал әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған отбасылардан шыққан балалар 50% жеңілдікпен жергілікті бюджет қаражаты есебінен демалып, сауықтыру шараларымен қамтылатын болады. Қала бойынша мұндай 2 689 оқушы бар. Сондай–ақ, 5-10-сынып оқушылары үшін түрлі бағыттар бойынша 45 бейіндік лагерь жұмыс істейді. Тіл лагерьлері, шахмат және робототехника үйірмелері, «Дарын», «Лингвист» бейіндік мектептері қазақ, орыс және ағылшын тіл-дерін оқыту жұмыстары жалғасын табады деп күтілуде.

- Соңғы уақытта қаладағы орыс мектептерінде қазақ сыныптарын ашу мәселесінің қиындық тудырып жүргенін білеміз. Бұл жөнінде не айтасыз?

- Ғабит Мүсірепов айтқандай, ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Сондықтан қалалық білім жүйесінде мемлекеттік тілді дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Жоспарға сәйкес жаңа оқу жылынан бастап қаланың барлық мектебінде қазақ сыныптары ашылады деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде Павлодарда 8 мектеп мемлекеттік тілде және қалған 34 мектеп аралас тілде білім береді деп күтілуде. Оған қоса, алдағы екі оқу жылының ішінде Малайсары батыр көшесінің бойында орналасқан №1 мектепті қазақшаландыру жоспары тұр. Жалпы, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесін уақыт көрсетер...

- Елімізде «Педагог мәр-тебесі» туралы заң қабыл-данды. Жаңа құжат ұстаздарға қандай өзгеріс әкелді?

- Жаңа заң алдымен педагогтың кәсіби құқықтарын кеңейтуге, материалдық жағдайын жақсартуға жол ашты. Айталық, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап педагогтардың еңбекақысы 25%-ға өсті, 4 жыл ішінде жалақыны 2 есеге арттыру көзделіп отыр. Аталған шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 3 млрд. 157 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, магистр дәрежесі бар орта білім беру ұйымдарының ұстаздарына, негізгі жұмыс орны бойынша қосымша ақы белгіленді. Қазіргі уақытта қала мектептерінде 140 магистр жұмыс істейді. Олардың еңбегін еселеу үшін жергілікті бюджеттен 49 млн.теңге қаражат қарастырылып отыр. Ал білім беру ұйымына бірінші рет қызметке кірісетін педагогтарға бір оқу жылы кезеңінде тәлімгерлер бекітіледі. Тәлімгерлікті жүзеге асыру үшін осы педагогқа базалық лауазымдық жалақының мөлше-рінде (бұл бүгінгі күні 17697 теңгені құрайды) төлемақы жүргізіледі. Бұл да үлкен көмек екені белгілі.

Педагогтарға олардың кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау мақса-тында Заңда ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы көзделген. Бұрын кейбір санаттағы педагогтерге (мысалы, мектепке дейінгі және қосымша білім беру) 42 күнді құрады. Осындай қолдауға қала бойынша 2 170 педагог ие болмақ. Ол үшін жергілікті бюджеттен 130,1 млн.теңге көлемінде қаражат қарастырылды.

Қуантарлығы, алдағы жаңа оқу жылынан бастап сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақы мөлшері 100%-ға ұлғаяды деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша педагогтар үшін тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтер үшін өтемақы төлемдері, санаторлық-курорттық емделуге жолдама алу сынды мәселелерді шешуге жеңілдіктер қарастырылмақ. Ал ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтарға қолданыстағы заңнамада бар кепілдіктер сақтала отырып, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде. Биыл қалаға қарасты Мойылды, Жетекші, Павлодар және Кенжекөл ауылдық әкімдіктерімен мұғалімдерге қатты отын сатып алуға қаражат беру мәселесі қарастырылды. Ағымдағы оқу жылында ауылдық жерлердегі 195 педагог орта есеппен 15 мың теңге көлемінде отын алу үшін бірреттік көмек алды.

Міне, осы айтылғандардың барлығы – мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартып, мәртебесін көтеру мақсатында қолға алынып жатқан игі іс екені қуантады.

- ҰБТ науқанының басталуына санаулы күн қалды. Шаһар түлектерінің дайындығы қалай?

- Биыл қала бойынша 987 түле-гіміз ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға жоғары екенін атап өткен жөн. Қалған 163 түлек еліміздің колледждеріне, жақын және алыс шетелдердің оқу орындарына түсуді жоспарлап отыр.

Жалпы, бүгінде талапкер-леріміз тестілеуге толығымен дайын. Ағымдағы жылы ҰБТ науқаны қалалық оқушылар үшін 20 маусымнан 5 шілдеге дейінгі аралықта облыс орталығындағы 3 жоғары оқу орнының базасында өтетін болады. Шаһар түлектерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық санитарлық нормалар сақталады, ол жағы жауапты мамандар тарапынан қатаң бақылауға алынады. Сондықтан әзірге ешқандай мәселе жоқ деп айтуға болады.

- Сөз соңында әріптес-теріңізге, шәкірттерге айта-рыңыз бар ма?

- Біздің басты міндетіміз – заманталабынан қалмай, жас ұрпаққа сапалы білім беру. Осы бағыттағы өзгерістердің маңыздылығын дер кезінде түсініп, меңгеру – ұстазға сын. Сондықтан педагогтарымыз да, шәкірттеріміз де бәсекеге қабілетті бола білуі тиіс. Осы ретте, ата-аналарға, оқушыларға алғысымды білдіргім келеді.

Біздің қаламызда үлкен зият-керлік әлеует бар. Өйткені, біздің педагогтар мен ата-аналар жоғары білімді, үлгілі интеллигенттілік пен мәдениеттің иесі болып табылады. Сондықтан, соған лайық болуымыз қажет.

Білім майданында тер төгіп жүрген барша әріптесімді, шәкірттерді осы оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Алдағы жаңа оқу жылы шығармашылық жетістіктер мен жеңіске толы болсын деймін.

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Нұржайна ШОДЫР.

saryarka-samaly.kz