Ол бұған дейін 2013 және 2016 жылдары «Қазақстан барысы» турнирінде бақ сынады. Алайда, екі ретінде де ұзаққа «шаба алмады». Бапкері Дархан Жоламановтың сөзінше, Самирдің биылғы дайындығы жақсы. Сондықтан ол жүлделі орындар үшін таласпақ.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы «Қазақстан барысы» турнирі 2 шілде күні Астана қаласында өтеді. Самирден бөлек, облыс намысын екібастұздық Әділет Нұрпейісов қорғайды.

Самир Мамедов
Аймағы: Павлодар облысы
Лақап аты: Ірбіс
Туған күні: 03.10.1988
Бойы: 181 см
Салмағы: 110 кг
Спорттық атағы: Қазақ күресінен ҚР спорт шебері
Спорттық жетістіктері: ҚР чемпи-онатының қола жүлдегері (2007) «Қазақстан Барысы» турниріне қатысуы: 2013, 2016 ж.
Бапкері: Дархан Жоламанов

 


Фархат ӘМІРЕНОВ

saryarka-samaly.kz