Журналистердің басты міндеті – жұртшылықтың жоғын жоқтау, қарапайым халықтың күйін күйттеу, билік пен бұқара арасында көпір болу. 88 жылдық тарихы бар облыстық «Сарыарқа самалы» газеті осы міндетті әркез қаперден шығарған емес. Оқырман қауымның аймақтың айнасына айналған басылымнан көз жазбауы да сондықтан шығар, сірә. Өңірдің басты үнпарағын атадан балаға дейін оқиды десек, қателеспейміз. Әр түрлі буын өкілдерінің сенімді серігі бола білуіміз - біз үшін зор мәртебе, асқақ абырой. Бейсенбай Кенжебаев, Әзілхан Нұршайықов сынды еліміздің біртуар даралары салып берген сара жолды басылымның бүгінгі журналистері лайықты жалғап, оқырман қауымның сенім үдесінен шығу жолында аянып қалмайды.

saryarka-samaly.kz