Иә, иә! Сіздің күні бойғы серігіңіз, өміріңізді әнмен әрлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды, жедел жаңалық жеткізуді, көптің көкейіндегі түйткілді талқыға салуды мақсат еткен облысымыздың төл радиосы жайлы бүгін сөз етпекпіз. Аймағымызға танымал бұл бұқаралық…
Қыс қызығы
Ақ қыс келді далама,
Қуаныш сыйлап балаға.
Аққала соғып ақ қардан,
Ойнап жүр бір топ бала да.
Шырша айналып, ән салып,
Жаңа жылды тойлаймыз.
Сыйлығы бар тағы да
Қызығына тоймаймыз.
Ақ тілектер тілейді,
Үлкен-кіші бәріне.
Қысты жақсы көреді,
Жас бала да, кәрі де.
Қапалақтап қар жауып,
Ақ мамыққа оранды.
Сырғанаймыз жарқылдап,
Елемейміз боранды.
Дала аппақ, тау аппақ,
Аппақ қыстың ниеті.
Адамдарға ақ қардай,
Ақ тілекті тілеймін.
Тілебалды Іңкәр
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы
№10 лицей-мектебінің 4-сынып оқушысы