Павлодар облыстық көркемсурет музейі

14-20 тамыз күндері аралығында мына көрмелер бойынша экскурсиялар жүргізіледі:
«Қазақстан өнері. ХХ ғасыр» музей қорынан көрме;
Арий Школьныйдың мерейтойлық көрмесі;
«Жастар Арбаты» пленэр нәтижелері бойынша көрме.

20 тамызда сағат 11.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейі мен Астана қаласының Көшпенділер қалашығында «Дәуірлермен ұштасқан туған жер» павлодарлық фотосуретшілер көрмесінің ашылуы.

 

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана

15 тамызда сағат 11.00-де «Факсимильные и репринтные издания» атты кітап көрмесі.

16 тамызда сағат 15.00-де «Мастерица» клубының отырысы өтеді.

18 тамызда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде «Тұрақтылық кепілі» атты ауызша журнал өтеді.

 

«Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени сауық қызметі орталығы

18 тамызда сағат 15.00-де үлкен залда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтеді.

19-20 тамыз күндері Астана қаласында «EXPO -2017» көрмесі аясында концерттік бағдарлама.

 

Д.П.Багаев музей-үйі

2017 жылғы 15-20 тамыз күндері аралығында сағат 10.00-ден 18.00 - ге дейін италиялық Татьяна Алексенконың «Партизандық жолдармен» атты фотокөрмесі жұмыс істейді.

 

П.Васильевтің музей-үйі

14-20 тамыз күндері аралығында қала тұрғындары мен қонақтардың тапсырыстары бойынша экскурсиялар мен дәрістер.

 

Ақсу қалалық тарихи-өлкетану музейі

15-20 тамыз күндері аралығында сағат 10.00-18.00-ге дейін Конституция күніне орай «Ұлы дала елінің мәңгілік мұрасы» атты көрме өтеді.

 

Екібастұз тарихи-өлкетану музейі

15-20 тамыз күндері аралығында сағат 10.00-18.00-ге дейін фотосуретші Н.Мякинькийдің «Люди нашей эпохи» атты көрмесі жұмыс істейді.

19-24 тамыз күндері аралығында Тұңғыш Президент мұражайында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде Ертіс-Павлодар өңірінің әдебиет және өнер майталмандарын таныту мақсатында «Павлодар-Баян - тарих қойнауында» көрмесі.

20 тамызда Астана қаласында Есіл жағажайында «Палитра джаза» атты Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның мерекелік концерті.

20 тамызда Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында «Ертістен Есілге сәлем!» атты Иса Байзақов атындағы облыстық филармония шығармашылық ұжымдардың гастрольдік концерті өтеді.

saryarka-samaly.kz