- Мен 1968 жылы осы мектептің бірінші сыныбына оқуға келдім, сол жылы мектеп жаңадан салынған еді. Ал 1976 жылы осы мектептің 8-сыныбын бітіріп шықтым. «Мектебіме тағзым» атты акциясы туралы естіген соң қазіргі мектеп директорына көмектесу туралы ұсынысымды айттым.

Мультимедиялық сынып ашамыз деп шештік. Шілде айында сынып толықтай күрделі жөндеуден өтті. Павлодарда жасалған жиһаздар орнатылды. 30 жаңа парта сатып алдық. Жалпы, бір миллион теңгеден аса қаржы жұмсалды. Өзіңді білім нәрімен сусындатқан мектепке көмек қолын созу біздің азаматтық міндетіміз деп санаймыз, - дейді М.Желнов.

Мектеп директоры Светлана Завальнаяның айтуынша, жаңадан ашылған мультимедиялық сынып жаңартылған мазмұндағы біріктірілген курстарға арналған көптілде білім беретін алғашқы сынып болмақ.

- Мұнда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен мәтіндік курстар өткізілетін болады. Кабинет 30 оқушыға шақталған. Оқушыларымызды заманауи сыныппен жабдықтаған Михаил Желновқа алғысымыз шексіз. Жалпы, қазіргі уақытта мектепте 1749 оқушы бар. Соның ішінде бірінші сыныпқа келетін 175 бала жеті сыныпқа бөлінді. Қыркүйекке дейін олардың саны артуы мүмкін, - дейді Светлана Завальная.

Еске салайық, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко «Мектебіме - тағзым» акциясын өңірде алғашқы болып бастағандардың бірі. Ол өзі оқыған қалалық №39 мектепте музыкалық сыныпты жөндеуден өткізді.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев Май ауданындағы Көктөбе ауылының мектебіне компьютер сыныбын тарту етті. Павлодар облысында аталмыш акцияға белсене қолдау көрсетіп жатқан азаматтар айтарлықтай көп.

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz