«Мейірімділер клубы» еріктілерінің айтуынша, оларға өз өмірімен қоштаспақ болған ер азаматтың әйелі жүгінген. Қайдар Данкин демалыс күндері 
жұбайымен 2 қызымен облыс орталығына қыдыруға келеді. Кейін жанұясын Екібастұз қаласына шығарып салып, өзі Павлодарда қалған. Ер азаматтың мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз. Еріктілердің сөзінше, 15 тамыз күні күзетші Қайдар Данкиннің көпірден секіргенін көрген. Ер азамат 100 метрдей қашықтықты жүзіп өткен соң, көзден ғайып болған. Төлқұжатын көпірде қалдырған. Облыстық ішкі істер департаменті аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын айтады.

 

 

Жол жауапсыздықты кешірмейді

Павлодар-Қызылорда тас жолында «Москвич» көлігі жүк көлігімен соқтығысқан.

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, «Москвичте» 1988 жылы туған жүргізуші, 1966 жылғы ер адам және кәмелеттік жасқа толмаған 6 бала болған. Ал жүк көлігін 27 жастағы азамат тізгіндеген. Жол апаты салдарынан балалардың денсаулығына зақым келіп, дәрігерлер медициналық көмек көрсеткен. «Москвич» көлігінің жүргізушісіне рөлге құжатсыз отырғаны үшін хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жол ережесін бұзғаны үшін 15 АЕК көлемінде яғни 33295 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Аталмыш оқиға Қалқаман ауылының тұсында орын алған.

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметтері бойынша әзірлеген – Айдана ҚУАНЫШЕВА.

 

saryarka-samaly.kz