Аталмыш серіктестікте 110 адам жұмыс істейді. Оның 104-і партия құрамына енген. Өңірде компанияның 17 жанармай құю бекеті бар. Соңғы үшеуі жуырда Екібастұз қаласында ашылған. Серіктестік аз қамтылған бірнеше отбасыны өз қамқорлығына алған. Бұдан бөлек, үздік қызметкерлер мен оқушыларды халықаралық ЭКСПО көрмесіне жіберген.

- 17 жанармай құю бекетінің ашылуына орай «Blue Star.PV» ЖШС-нің ұжымы бастауыш партия ұйымын ашуға келісім берді. Бұл - өте маңызды іс. Партия атынан оларға қолдау көрсетуге дайынмын. Бізде 407 бастауыш ұйым бар. Жуырда олардың қатары тағы 7 ұйыммен толықты. «Blue Star.PV» ЖШС ұжымына сәттілік тілеймін, - деді «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz