Жәрмеңке аясында аймақтың шаруа қожалықтары мен қайта өңдеу саласының кәсіпорындары бас қалаға барлығы 430 тонна өнім апарды. Жергілік картоп, көкөніс, ет, бал, сүт өнімдері сияқты басқа да тауарлар арзандатылған бағамен босатылмақ. Сондай-ақ, лебяжілік кәсіпкерлер 10 тонна қарбыз жеткізген.

Атап өтерлігі, Астанаға 100-ден астам кәсіпорын мен ауыл шаруашылығы құрымы аттанған. Олардың қатарында «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар-Өндіріс» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай-Агро» ЖШС, «Галицкое» ЖШС сияқты кәсіпорындар бар.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, павлодарлық тауар өндірушілердің өнімдері Астана тұтынушыларының зор сұранысына ие. Оны өткен жылдардағы елорда төрінде ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен байқауға болады. Бас қаланың тұрғындары көбіне ет, картоп, көкөніс өнімдеріне ерекше қызығушылық танытатын көрінеді.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі екі күнге созылады. Ал Павлодар облысының мәдениеті күндері 23 тамызда аяқталмақ. Осы аралықта елорда жұртшылығының назарына аймақ музейлерінің түрлі мазмұндағы көрмесі, Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театры мен А.Чехов атындағы драма театрының спекткльдері, павлодарлық өнерпаздардың концерттік бағдарламалары ұсынылмақ.

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz