Естай атындағы қалалық мәдениет сарайы

29 тамызда ҚР Конституция күніне арналған салтанатты концерт.

30 тамызда Павлодар қаласының төменгі жағажайында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік концерт.

 

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана

28 тамыз күні сағат 15.00-де әскери-техникалық мектепте «Азат елдің Ата заңы» атты тақырыптық кеш.

2,3 қыркүйек күндері сағат 11.00-де Kids Club отырысы.

 

«Шаңырақ» ХШ орталығы

30 тамыз күні сағат 12.00-де ҚР Конституция күніне арналған «Ата заңым - айбыным» атты мерекелік концерт.

 

Г.Потанин атыңдағы тарихи-өлкетану музейі

29-31 тамыз күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң» атты көрме жұмыс істейді.

 

Шафердің музей-үйі

29 тамыз күні сағат 11.00-де жетінші симфонияның алғашқы орындаушысы Д.Шостаковичтің 75 жылдығына орай музыкалық сағат.

30 тамыз күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Еліміздің Негізгі Заңы» көрмесі.

31 тамыз күні сағат 15.00-де ақын Марина Цветаеваны еске алуға арналған «Настанет день» әдеби-музыкалық композиция.

 

Д.П.Багаев музей-үйі

29-31 тамыз күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін италиялық Татьяна Алексенконың «Партизандық жолдарымен» атты фотокөрмесі жұмыс істейді.

 

Ақсу қалалық тарихи-өлкетану музейі

29-31 тамыз күндері сағат 10.00-18.00-дейін Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Ұлы дала елінің мәңгілік мұрасы» атты фотокөрме ұйымдастырылады.

 

Екібастұз тарихи-өлкетану музейі

29-31 тамыз күндері сағат 10.00-18.00-ге дейін Екібастұз қаласының 60 жылдығына орай фотограф, КСРО Журналистер одағының мүшесі Н.А.Мякинькийдің «Люди нашей эпохи» көрмесі.

1-2 қыркүйек күндері сағат 10.00-18.00-ге дейін Білім күніне орай «Білім әлеміне саяхат» атты Ашық есік күндері өткізіледі.

saryarka-samaly.kz