Аймақ басшысы аудан орталы-ғындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болды. Тереңкөлдегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын аралаған әкім нысанның мерзімінен кешіктіріліп жатқанын сынады. Негізі спорт кешені қыркүйек айының бірінде қолданысқа берілуі тиіс. Бүгінде әкімшілік ғимарат пен кешеннің іргетасы ғана қаланып, футбол алаңына қиыршықтас төселген. Сондай-ақ, облыс әкімі спорт мектебіндегі қазандыққа қатысты мәселелер барын айтып, бұл тұста Железин ауданында атқарылған жұмыстарды үлгі етті. Сапар барысында облыс әкімі Тереңкөлдегі «Тағзым» аллеясында болып, жүргізілген тазалық жұмыстарына оң бағасын берді.

Аудан орталығында жаңа жағажайдың құрылысы басталмақ. Мамандардың айтуынша, бұл мақсатқа 10 миллион теңгегек жуық қаражат керек. Алдағы уақытта жағажай жанында демалушылар үшін қолайлы жағдай жасалмақ. Автокөліктер үшін тұрақтар салынып, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында бейнебақылау камералары орнатылмақ. Жаңа жағажайдың жоспарымен танысқан облыс басшысы ондағы жарықтандыру мәселелерін қолға алуды, сондай-ақ аудан орталығында орнатылған бейнебақылау камералар санын көбейтуді тапсырды.

Болат Жұмабекұлы елді мекен-дердегі абаттандыру жұмыстарын қолға алу керектігін айтты.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов ауданға қарасты бірнеше ауылды аралады. Бобровка ауылдық округінде 600 бас ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасы салынуда. Сондай-ақ 700 гектар жерде суландыру жұмыстары мен қуаттылығы 6 мың тоннаны құрайтын көкөніс қоймасының құры-лысы жүргізілуде. Жобаның негізгі бағыты — мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды ірі қара малды көбейту, жаңа технологияларды енгізу арқылы бәсекеге қабілетті сүт өнімдерін өндіру және өткізу.

- Жобаның құны 2 миллиард теңгені құрайды. Ферманы келер жылдың күзінде іске қосуды жоспар-лап отырмыз. Бүгінде жемшөп базасын дайындаумен айналысуда-мыз. Жоңышқа мен жүгері, сүрлем сеуіп тастадық, - деді «Астық ПВ» ЖШС-нің директоры Руслан Бақауов.

Береговое елді мекеніндегі «Щербак» шаруа қожалығының жұмысы қарқынды. Биыл олар ауылды абаттандыруға жалпы 40 млн. теңге жұмсапты. Кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігіне оң бағасын берген облыс әкімінің орынбасары шаруа қожалығының қазіргі тынысымен де танысты. Бұл ретте алқаптарды әртараптандыруға, егістікті суаруға көңіл бөлуді ұсынды. Шаруа қожалығы биыл 171 гектарға жүгері еккен. Сондай-ақ, күнбағыс алқабын 30 пайызға азайтып, есесіне бұршақ, қарақұмық еккен. Келесі жылы 140 гектар аумақты суармалы егістікке айналдыруды межелеуде.

Б.Қасеновтің айтуынша бүгінгі таңда өңірде 30 орта және ірі тауарлы сүт фермасы бар. Бұдан басқа, биылғы жылы осындай 6 ферманың құрылысы жоспарланып отыр. 2018-2019 жылдарына қосымша 12 нысанға өтініш берілген.

- Мемлекеттік қолдау есебінен сүт шаруашылығымен айналысу пайдалы болып есептеледі. Бұған 17 сүт қабылдау кәсіпорнына 82 пайызға дейін жүктеме түсетіні дәлел болады. Соған қарамастан, олар сүт өңдеу және өнімділікті арттыруға инвес-тиция салуды жалғастыруда. Бүгінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тауарлы сүт фермалары үшін 10 жылға дейінгі мерзімге 5,5 жылдық пайызбен арнайы несие ұсынады, - деді Б.Қасенов.

Мереке АМАНТАЙ
Качир ауданы.

saryarka-samaly.kz