С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана

20 қыркүйек күні сағат 11.00–де «Тіл - халықтың рухы» атты кітап көрмесі.

21 қыркүйек күні сағат 11.00–де «Ни о чем, что было, не жалею» атты кітап көрмесі.

 

Облыстық көркемсурет музейі

18-24 қыркүйек күндері аралығында келесі көрмелер бойынша экскурсиялар жүргізіледі:

- «Шабыт. Қазақстан суретшілерінің кенебіндегі әйелдер бейнесі» көрмесі.

- Мәскеу және Ленинград суретшілерінің музей қорынан көрме.

- «Мама, папа, я!» балалардың суреттері көрмесі.

 

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка - драма театры

20 қыркүйек күні сағат 19.00-де 28-ші маусымның ашылуы. У.Гаджибековтің «Аршын мал алан» музыкалық комедиясы.

21 қыркүйек күні сағат 11.00-де және 12.30-да О.Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» ертегісі.

22 қыркүйек күні сағат 19.00-де Ж.Шаниннің 125 жылдығына орай «Арқалық батыр» тарихи драмасы.

23 қыркүйек күні сағат 10.00-де О.Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» ертегісі.

23 қыркүйек күні сағат 16.00-де К.Жұмабековтің «Адасқандар» драмасы.

 

Естай атындағы мәдениет сарайы

21 қыркүйек күні сағат 11.00-де Еңбек күніне арналған аймақтық форум өтеді.

 

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі

19 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Шаңырақ» орталығының кіші залында ақын, жазушы, Аманжол Шамкеновтің 90 жылдығына орай «Өлеңім - аялаған құсым менің» атты әдеби-музыкалық кеш.

21 қыркүйек күні сағат 15.00-де Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Ана тілім - асылым» атты әдеби музыкалық кеш.

 


Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі

22 қыркүйек күні сағат 15.00-де нашақорлық және есірткі бизнесімен күресу халықаралық күніне орай «Шаги над пропастью» атты интерактивтік пікір алмасу алаңы.

 

Шафердің музей-үйі

19 қыркүйек күні сағат 11.00-де ақын Марина Цветаеваның 125 жылдығына орай «Маринаның камертоны» атты көрме.

20 қыркүйек күні сағат 11.00-де «Марина Цветаеваның балалық шақ әлемі» мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерімен әңгімелесу.

22 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Балалар өлеңдерді суреттейді» Павлодар қаласының №2 көркемсурет мектебінің жас суретшілермен кездесуі.

 

Д.П.Багаев музей-үйі

19-24 қыркүйек күндері сағат 10.00-18.00 аралығында фотосуретші Ольга Репнякованың «Мгновения жизни» атты көрмесі.

 

А.П.Чехов атындағы облыстық драма театры

22 қыркүйек күні сағат 19.00-де 73-ші маусымының ашылуы. Ж.Летраздың «Крошка» музыкалық комедиясы.

23 қыркүйек күні сағат 18.00-де М.Ладоның «Очень простая история» драмасы.

24 қыркүйек күні сағат 18.00-де А.Портестің «Дом, где все кувырком» комедиясы.

 

Әзірлеген – Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz