Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Зкірия Сұлтанғазиновтің сөзінше, бүгінгі таңда жылу беру маусымына үйлердің 90 пайызы әзір.

- «Павлодар жылу желілері» ЖШС жылу желілерінің 9,512 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған болатын. Оның ішінде магистральді жылу желілері 2599 шақырымды құраса, аулаішілік жылу желілері – 6,919 шақырым. Бүгінгі күні желілердің нақты 8,606 шақырымы, яғни 90 пайызында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 станцияларында гидравликалық сынақтар өткізілді.

Жылумен жабдықтау жүйе-лерінің 438-і зақымдалса, оның бүгінде 386-сы қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 52 жылу учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалада ыстық судан уақытша ажыратылған 81 тұрғын үй бар, - деді З.Сұлтанғазинов.

Бөлім басшысының айтуынша, бүгінде «Павлодар жылу желілері» ЖШС 24 трансформаторлық қосалқы станцияларда, сондай-ақ, Хабаровская, Мир көшелері аумағында, Естай көшесі, 32-үй, Жеңіс алаңы, 23-үй және Қамзин көшесі, 162-үй мекенжайларында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстың барлығы жылу берілгенге дейін аяқталады деп жоспарлануда.

«Павлодар су арнасы» ЖШС сумен жабдықтау объектілерінің 11 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті болса, оның 88%-ын аяқтап үлгерген.

Айта кетелік, кешеден бастап, балабақша, мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік мекемелердің жылуға қосылуына мүмкіндік берілді.

saryarka-samaly.kz