Аталған кооперативтің басшысы Жеңіс Қанапияновтың сөзінше, жаңа техникалар Көкшетаудан әкелінген.

- Биыл кооператив жанынан механикалық-техникалық станция ашылды (МТС). Комбайндар Беларусьтің «Гомель» зауытында жасалған. Заманауи техникалардың әрқайсысының құны 46,5 миллион теңгені құрайды. Қымбат техникаларды сатып алу үшін бізге мемлекет көмектесіп отыр. Лизинг арқылы алынған комбайндардың құнын өтеуге 9 жыл уақыт береді. Комбайндар сапалы әрі нәтижелі жұмыс істейді. Бұрын бір ай бойы жинайтын аумақты бір күнде аяқтап шығуға мүмкіндік бар. Әлі орақ түспеген 1600 гектар жерді 5 күнде аяқтаймыз деп жоспарлаудамыз. Аудан бойынша осы кооперативтің құрамына енетін 13 шаруашылықтың жалпы аумағы 5600 гектар жері бар. 2012 жылы жұмысын бастаған «Арман» ШҚ-ның басшысы Арман Қабиев биыл бір гектар алқаптан 20 центнер өнім алуды жоспарлап отыр.

- Ертіс ауданының Қоскөл ауылында 150 гектар жерге егін салдым. Жиын-терім уақытында ескі техникалар қолбайлау болып, жылда қиналатынмын. Өз күшіммен жаңа комбайн сатып алуға мүмкіндігім жоқ. Ауданда құрылған кооперативтің көмегіне ризамын. Жаңа комбайндар - біз үшін үлкен жеңілдік. Былтырғы жылы егін жинауға 1 айға жуық уақытымды шығындадым. Ал биыл сол аумақты небары 1 күнде оруға мүмкіндік алып отырмын. Алдағы жылы жер аумағын 500 гектарға дейін кеңейтуді көздеймін.

Ертіс ауданы бойынша жер көлемі 1 мың гектарға жетпейтін 40-тан астам шағын шаруа қожалығы бар. Ертістіктер биыл 151 мың гектар жерге дәнді дақылдар,         32 мың гектар аумаққа майлы дақылдар еккен. Орта есеппен өнім көлемі гектарынан 12 центнерді құрайды. Бүгінгі күнге дейін егіс алқаптарының 75%-ы орылған. Ал шөп шабу науқаны аяқталуға жақын. Шаруалар ауа райы қолайлы болса, бір аптаның ішінде жиын-терім науқанын аяқтауды көздейді.

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz