Облыстық көркемсурет музейі.

25 қыркүйек – 1 қазан күндері аралығында келесі көрмелер бойынша экскурсиялар жүргізіледі:

- Павлодар облысының Қазақстанның іскер әйелдер қоғамдастығының 20 жылдығына арналған «Шабыт. Қазақстан суретшілерінің кенебіндегі әйелдер бейнесі» атты көрмесі.

- Мәскеу және Ленинград суретшілерінің музей қорынан көрмесі.

 

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана

27 қыркүйек күні сағат 15.00–де «Памятники Павлодара» атты өлкетану сабақтары.

 

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры

25-27 қыркүйек күндері сағат 11.00 және 12.30-да Қарағанды қаласы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының Д.Жүнісованың «От құйрықты Әтеш» туралы аңыз-ертегісі.

25, 27 қыркүйек күндері сағат 15.00 және 18.30-да Қарағанды қаласы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының К.Жұмабековтің «Қаз дауысты Қазыбек би» тарихи драмасы.

26 қыркүйек күні сағат 15.00 және 18.30-да Қарағанды қаласы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының К.Жұмабековтің «Абай мен Әбіш» драмасы.

29 қыркүйек күні сағат 16.00-де Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» драмасы.

 

Естай атындағы мәдениет сарайы

29 қыркүйек күні Мұғалімдер күніне орай Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

1 қазан күні сағат 17.00-де музыкант-скрипкашы, Халықаралық байқаулардың лауреаты, Жұмат Шаниннің немересі Арман Мырзағалиевтің, Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясының симфониялық оркестрмен бірге концерті.

 

«Шаңырақ» ХШО

27 қыркүйек күні сағат 15.00-де Еңбек күніне арналған «Еңбек түбі - береке» атты мерекелік концерт.

28 қыркүйек күні сағат 14.00-де Отбасы күніне арналған жас отбасылар арасындағы облыстық «Отбасым - ошағым» атты байқауы.

1 қазан күні сағат 11.00-де Қарттар күніне арналған ардагерлерді мерекелеу мерекелік шарасы.

29-30 қыркүйек күндері сағат 11.00, 12.30 және 14.00-де Қарағанды қаласы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының Д.Жүнісованың «От құйрықты Әтеш» туралы аңыз-ертегісі.

 

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі

27 қыркүйек күні сағат 11.00-де Қарттар Үйінде Қарттар күніне орай «Аман бол, асыл қарттарым» атты әдеби-музыкалы кеш.

27 қыркүйек күні сағат 15.00-де ақын, ардагер-ұстаз Бақжамал Аққузинованың «Ұлықтаған ұясын ұлағатпен» атты кітабының тұсаукесері.

28 қыркүйек күні сағат 15.00-де ақын, журналист, Жазушылар одағының мүшесі Виктор Семерьяновтың 80 жасқа толуына орай «Казахстан - моя жизнь» атты әдеби музыкалы кеші.


А.П.Чехов атындағы облыстық драма театры

29 қыркүйек күні сағат 19.00-де А.Вампиловтың «Провинциальные анекдоты» фантазиясы.

30 қыркүйек күні сағат 18.00-де Л.Герштің «Эти свободные бабочки» қойылымы.

1 қазан күні сағат 18.00-де А.Чеховтың «Предложение» қойылымы.

 

Әзірлеген – Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz