- Өмірде әр түрлі келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін. Кейбір жайттарда студенттің өзі немесе отбасы қиындықтарға тап болып, оқуын еріксіз тастауға мәжбүр болады. Біз оларға көмектесуіміз керек. Ол үшін болашақ маман оқуын аяқтаған соң кемінде 5 жыл біздің өңірде еңбек етуі тиіс. Бұл мемлекетке де, студентке де тиімді болмақ. Осы қадамға бару үшін ең алдымен аудан, қала басшылары өз өңірлерінде қандай мамандар тапшы екендігін анықтауы керек, - деді облыс әкімі Б.Бақауов.

Аймақ басшысы алдағы уақытта Семей мемлекеттік медициналық университетімен байланыс орнатып, жергілікті қазына есебінен төленетін мамандықтар тізімін жасап шығаруды тапсырды. Сондай-ақ, кездесуде павлодарлық колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша мәселелер де қаралды.

1 қыркүйектегі есеп бойынша колледж түлектерінің 99,1%-ы жұмысқа орналасып, ЖОО-на түскен немесе әскер қатарына алынған. Қалған 45 адам дәл қазіргі уақытта жұмыс іздестіруде. Олардың алтауы «Ақпараттық жүйе», «Сүт өнімдерін шығару», «Азық-түлік өнімдерін шығаруды ұйымдастыру технологиясы»,
«Түсті металдар металлургиясы», «Емдеу және медбибі ісі» және басқа да мамандықтар иесі.

Бұл тұста облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова олармен қазір жеке-дара жұмыс жүргізіліп жатқан-дығын айтты.

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz