Облыстық көркемсурет музейі

9-15 қазан күндері аралығында мына көрмелер бойынша экскурсиялар жүргізіледі:

- Павлодар облысының Қазақстанның іскер әйелдер қоғамдастығының
20 жылдығына арналған «Шабыт. Қазақстан суретшілерінің кенебіндегі әйелдер бейнесі» атты көрмесі;

- Мәскеу және Ленинград суретшілерінің көрмесі, музей қорынан;

- Арий Школьныйдың мерейтойлық көрмесі;

- Қазақстандағы Ұлттық Отбасы күніне арналған «Әкем, анам және мен!» балалар суреттерінің көрмесі;

12 қазан күні Қазақстандағы Суретшілер күніне орай ашық есік күні (дәрістер, көрмелер бойынша экскурсия) өтеді.

12 қазан күні сағат 18.00-де «Кітапханадағы түн – 2017. Кітапхана әлемі» атты акциясы өтеді.

 

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана

9 қазан күні сағат 11.00-де ақын Ғ.Жұматовтың 65 жылдығына арналған «Туған ел перзенті» атты кітап көрмесі өтеді.

 

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры

211 қазан күні сағат 18.30-да У.Гаджибековтің «Аршын мал алан» /муз.комедия/ атты қойылымы болады.

13 қазан күні сағат 18.30-да Е.Төлеубайдың «Оян, қазақ... Ойлан, қазақ!» /тарихи драма/ атты қойылымы болады.

14 қазан күні сағат 17.00-де М.Байджиевтің «Тіл табысқандар» /комедия/ атты қойылымы болады.

 

Естай атындағы мәдениет сарайы

12 қазан күні сағат 15.00-де Павлодар облыстық ардагерлер ұйымының
35 жылдығы және республикалық ардагерлер ұйымының 30 жылдығына орай ардагерлер арасындағы «Мудрость поколения говорит» атты облыстық байқауының гала-концерті өтеді.

 

«Шаңырақ» ХШО

9-15 қазан күндері аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін фойесінде бал жәрмеңкесі өтеді.

13-14 қазан күндері аралығында 10.00-ден 19.00-ге дейін «Шаңырақ» орталығының үлкен залында цирк болады.

13 қазан күні сағат 19.00-де «Шаңырақ» орталығының үлкен залында джаз оркестрінің «Осенний марафон» атты концерті өтеді.

 

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі

10 қазан күні сағат 11.00-де «Жүсіпбек Аймауытов» атты тақырыптық лекция.

 

А.П.Чехов атындағы облыстық драма театры

13 қазан күні сағат 19.00 және 8, 14, 15 қазан күндері сағат 18.00-де А.Ивановтың «Одуванчики» (драма) атты қойылымы болады.

 

Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі

9-15 қазан күндері аралығында музей қорынан латын графикасындағы кітаптар, құжаттар мен экспонаттар көрмесі өтеді.

 

Д.Багаев музей-үйі

10-15 қазан күні сағат 10.00-18.00-ге дейін В.Кудринскийдің «Омск и омичи» атты халықаралық көрмесі ұйымдастырылады.

saryarka-samaly.kz