Өлең бәйгесі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау аясында, ел Тәуелсіздігін ұлықтау, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше таланттарды тану мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мүшәйраға 18 бен 35 жас аралығындағы ақындар қатысады. Олар мүшәйраға бұрын еш жерде жария-ланбаған үш өлеңін жібере алады. Атап айтқанда, «Алтын бесік - Атамекен» тақырыбында, ел мен жердің тарихы туралы міндетті түрде бір өлең. Екі өлең - еркін тақырыпта.

Өлеңдер 15 шумақтан аспауы керек. А4 форматты қағазда (14 қарпінде) компьютерде теріліп, 2 дана (электронды және қағаз) түрінде ұйымдастырушыларға ұсынады. Үміткердің мекенжайы мен телефоны көрсетілуі тиіс.

Мүшәйра жабық түрде өтеді. Үміткерлердің шығарма-ларын қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді. Ұйымдастыру комитеті мүшәйраға қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 20 қарашасына дейін қабылдайды.

Тапсырылған құжаттар қайтарылуға жатпайды. Ал іріктеуден өткен шығармалар байқауға қатыстырылып, кітапшаға енгізіледі.

Бас жүлде - (біреу)
І орын - (біреу)
ІІ орын - (екеу)
ІІІ орын - (үшеу)

Ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған.

Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасы қосымша жүлделер тағайындауға, жүлделерді бөліп беруге немесе бермеуге құқылы.

Жүлдегер ақындар Павлодар қаласында өтетін қорытынды шараға арнайы шақырылады, өлеңдерін сахнада оқиды.

Мүшәйраға байланысты анықтамалар мен қосымша мәліметтерді мына телефондар арқылы білуге болады: Тел: 8-705-342-18-88, 8-707-609-38-97.

jarkynbekia@mail.ru

saryarka-samaly.kz