Иә, латын әліпбиі бізге таңсық емес. Бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде ағылшын әліпбиінің негізі осы латын әліпбиі болып табылады. Электрондық поштамыз кирилл, араб немесе басқа емес, латын әріптерімен жазылған.

Мектеп оқушылары келешекте латын әріптерімен жазып, оқитын болса, олар үшін кедергі жоқ. Жоғары оқу орындарын бітірген жастар, орта буын өкілдері компьютерді толық меңгергендіктен, латынды тез үйренеді. Ал менің жасымдағылар үшін латын әлипбиімен жазу және оқу онша қиындық келтірмейді. Оған бір мысал. Соңғы кездері тарихи деректерді іздестіру мақсатында мемлекеттік мұрағаттарда болып тұрамын. Құжаттарды ақтарсам, жиырмасыншы жылдардан бергі уақыттағы латын әріптерімен шыққан газеттер, латынша толтырылған хаттамалар кездеседі.

Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Әрі қазақ тіліне компьютерлік жаңа технология- лар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімділігі де дәлелденген. Түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Латын әліпбиіне көшу керек.

Шолпан БАЙҒАЛЫҚЫЗЫ, Павлодар қаласында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы.

saryarka-samaly.kz