Атап өтерлігі, субсидияға ие болғандардың қатарында шағын шаруа қожалықтарынан бастап ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары, кооперативтер бар.

Жыл соңына дейін 2 айдан астам уақыт қалды. Ал 2017 жылға ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген 5 млрд. теңгеден астам қаржы таусылуға жақын. Бүгінде оның 4,5 млрд. теңгесі игерілді. Бірақ субсидиядан дәмелі аймақ шаруаларының қатары көп, дейді мамандар. Сол себепті, облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қасеновтің айтуынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қосымша 1 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлу туралы ресми өтініш жолдау мәселесі қаралуда.

Бұдан бөлек, инвестициялық субсидиялау бойынша облыстық комиссияның кезекті отырысына қатысқан Б.Қасенов өтініш беруші шаруа қожалықтарының құжаттарын ұсыну тәртібіне мұқият болуды тапсырды. Себебі субсидиялауға ұсынылған нысан, ауыл шаруашылығы техникасы немесе құрал-жабдықтардың сипаттамасында бір әріптен қате кетсе де, шаруа-лар қаржыдан қағылатын көрінеді.

Данияр ЖҰМАДІЛ

saryarka-samaly.kz