Отырыста Медиация туралы Заңға қатысты баяндамалар оқылды. Судья М.Әсембаева «Медиация заңнамасы шеңберінде жекелеген дауларды сотқа дейін реттеудің жаңа пилоттық жобасы» баяндамасында балалардың құқығын қорғау, еңбек, мұрагерлік, татуластыру, мүліктерді бөлу және тағы басқа дауларды реттеу түрлеріне тоқталды. У.Жалмұхамбетова медиацияға сүйенетін даулардың түрлері жөнінде айтса, Т.Нұрғалиев қаламыздағы медиациялық келісімдердің орындалуы туралы сөз қозғады. Айта кетсек, былтыр қалалық сотта 38 іс медиациялық келісіммен аяқталыпты.

Ал Астана қаласының кәсіби тәжірибелі медиаторы Х.Рахымжан:

- Еліміздің көптеген қалала-рында болдым. Қоғамдағы мәселелер бір-біріне ұқсас. Менталитет те бірдей. Халықтың санасында кез келген дау-дамайды «сот шешеді» деген ұғым қалыптасқан. Шетелде кез келген тұрмыстық дау-дамай медиаторлардың көмегімен шешіледі. Қазір Астана қаласының тұрғындары да осы заңды жіті түсініп, медиаторға жүгінуде. Ендігі күні Екібастұз өңірінде де медиация, медиатор туралы түсінікті кеңейтсек, - деді.

Алдағы уақытта Х.Рахымжан бір ай бойы қаламызда болып, медиаторлардың біліктілігін көтеруге, өз тәжірибесін бөлісуге әзір екендігін айтты.

 

Әсем АЙТҚҰЛҚЫЗЫ, Екібастұз қаласы.

saryarka-samaly.kz