Ауыл

Астық жеткілікті ме?

Аймақ шаруалары үшін күзгі жиын-терім науқаны сәтті өтті деуге болады. Жаз айларының жауын-шашынсыз болғанына қарамастан, жақсы өнім алды. Онымен қоса, биыл астық бағасы шарықтап тұр. Маңызды науқанды уақытылы аяқтаған диқандар жиналған астықты кептіріп,…

Шаруалар несібесін жинауда

Аймағымызда күзгі жиын-терім науқаны біртіндеп мәреге жақындап келеді. Астық толығымен дерлік жиналды. Ендігі кезекте шаруалар бар күшін картоп, көкөніс алқаптарында сарқуда. Жаз бойғы еткен еңбектері ақталып, мол өнім алуда. Ауа райы қолайлы деңгейде…

Сумен қамтуда кедергі де, кемшілік те бар

2016 жылдан бері аймақ ауылдарында жалпы ұзындығы 1 мың шақырымдық су құбырлары тартылып, 45 мың адам сапалы ауызсумен қамтылған. 112 елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қол жеткізген. Бұл дегеніңіз, облыстағы әрбір үшінші ауылда таза ауызсу бар.…

Құстарға арналған орталық жоқ

Павлодар облысының аумағын мекендейтін аң-құстар аз емес. Олардың қатарында «Қызыл кітапқа» енгендері де бар. Өкінішке қарай, кей кездері олар түрлі құрсауда қалып қойып, жарақат алып, дәрменсіз күйге енеді. Мұндайда уақыт оздырмай сапалы көмек көрсету…

Жайылымға жарымай отыр

«Аспаннан киіз жауса да, кедейге ұлтарақ бұйырмайтыны» рас па дерсіз... Бұлай демеске шара жоқ. Ұлан-байтақ жерімізге қарамастан, аймағымызда жайылымнан таршылық көріп отырған елді мекендер бар. Соның ішінде Павлодар ауданының бірнеше ауылын атауға болады.…

Баянауылды өрт шалды

Өткен жексенбіде Баянауыл ауданында алапат өрт орын алды. Тосыннан келген тілсіз жаудың салдарынан бірқатар шаруа қожалықтарының шабылған шөптері отқа оранды.

Науқан уақытылы аяқталады

Аймақ шаруаларының алдында қыркүйек айының соңына дейін күзгі жиын-терім науқанын аяқтау мақсаты тұр. Мұндай маңызды кезеңде диқандар үшін әрбір күн санаулы. Әзірге облыс бойынша дәнді дақылдардың 63 пайызы жиналған. Жауапты мекеме өкілдері науқан уақытылы,…

Шетелдік малдың несі артық?

«Өзгенің сиырына көзімізді сатып, оларды шетел асырып елімізге әкелу тиімді ме?». Бүгінде кейбір шаруаларды осы мәселе алаңдатады. Редакциямызға хабарласып, мал шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың «ірі қараны қымбат болса да…

Көкөністен кенде болмаймыз

Аймағымызда егін орағы қыза түсті. Апта басын-дағы көрсеткішке сүйенсек, облыс шаруалары 90 мың тоннаға жуық астық жинаған. Ауа райы райы кедергі келтірмесе, маңызды науқанды бір айдың көлемінде толық аяқтау жоспарланып отыр.

Егінге орақ түсті

Диқандар көктем-жаз бойғы еңбектерінің жемісін көруге кірісіп кетті. Аймағымыздың алқаптарына орақ түсіп, шаруалар енді тынымсыз тірлікке көшті. Биыл облыста 1 млн. 97 мың гектарға егін егілді. Өткен жылғымен салыстырғанда 87,3 мың гектарға артық. Оның…