Аймақ басшысы аудан тұрғындарымен кездесу барысында жаңа әкімнің кандидатурасы ҚР Президент әкімшілігімен және аудандық мәслихатпен келісілгенін атап өтті. Болат Жұмабекұлы жаңа қызметке сайланған Қанат Шаймарданұлына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

- Железин ауданы – астықты өлке. Географиялық тұрғыдан тиімді орналасқан аудан. Мұнда 50 мың гектар жер қолданылмай келеді. Бұл мәселені жіті бақылауыңызға алуыңызды тапсырамын. Ауданға инвесторларды тарту қажет. Железиндегі маңызды мәселелердің бірі – жол-дардың сапасыздығы.
2018 жылы аудандық маңызы бар жолдар үшін облыстық бюджеттен
120 млн. теңге бөлу жоспарлануда. Ауданды көркейтуге бағытталған жобаларға қолдау көрсетуге әзірміз. Ол үшін алдымен жобалық-сметалық құжаттар дайын болуы тиіс. Сондықтан облыстық бюджет бекітілгенге дейін аудандық қазынаны қалыптастыру қажет, - деді Б.Бақауов.

Сонымен қатар, өңір басшысы аудан тұрғындарының ауызсу тапшылығын тартып отырғанын айтты. Осы орайда, Қанат Шаймарданұлына Ресей елімен шектесіп жатқан Мыңкөл ауылындағы мектепті таза ауызсумен қамтуды жүктеді.

Кездесу барысында Железин аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайыржан Доскереев жаңа әкімнің қызметіне сәттілік тіледі.

- Железин - облыс орталығынан шалғай орналасса да, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына орнықты серпін беріп келе жатқан аудандардың бірі. Аудан тұрғындарының бас ауруына айналған негізгі мәселе - жолдардың сапасыздығы. Соңғы жылдары бұл жағдай назарға алынып, күрмеулі мәселенің біраз бөлігі шешілді. Жолдарымыз жөнделіп келеді. Сондықтан тұрғындардың атынан аймақ басшысына алғыс білдіремін. Жаңа әкімнің қызметіне жеміс тілеймін, - деді Қ.Доскереев.

Қанат Қашкиров - Павлодар ауданының тумасы. 2011-2013 жылдары жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып қызмет етті. Соңғы екі жыл бойы мемлекеттік-сәулет құрылысын бақылау басқармасының бастығы болған.

Қанат Шаймарданұлы өз ісіне адалдық танытып, жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді.

saryarka-samaly.kz