Облыстық көркемсурет музейі

13-19 қараша күндері мына көрмелер бойынша экскурсиялар жүргізіледі:

- Павлодар облысындағы Қазақстанның іскер әйелдер қоғамдастығының
20 жылдығына арналған «Шабыт. Қазақстан суретшілерінің кенебіндегі әйелдер бейнесі» атты көрме.

- Павлодарлық суретші А.Балиннің дербес көрмесі.

- Алматы суретшілерінің көрмесі.

- Қазақстандағы Еңбек күніне арналған «Әр мамандық әр түрлі» балалар суреттерінің көрмесі.

 

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана

15 қараша күні сағат 15.00–де «Мастерица» клубының отырысы.

18 қараша күні сағат 16.00-де «Hi Five Club» отырысы.

19 қараша күні сағат 11.00–де «Maker Space Club» отырысы.

19 қараша күні сағат 14.00–де «Movie Club» отырысы.

 

Естай атындағы мәдениет сарайы

17 қараша күні облыстық Иса Байзақов атындағы филармонияның Ауылшаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара.

 

«Шаңырақ» ХШО

14-16 қараша күндері сағат 14.00-де Цирк мюзиклі.

15 қараша күні сағат 14.00-де «Жасын» танымдық клубының зияткерлік сайысы.

16 қараша күні сағат 11.00-де «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатта «Семей-Павлодар» оқушы ақындары арасындағы «Туған жер - алтын бесігім» атты жекпе–жек айтысы.

17 қараша күні сағат 18.00-де әнші Әсем Даутованың «Ауылым-әнім» шығармашылық кеші.

18 қараша күні облыстық И.Байзақов атындағы филармониясының «Шаңырақ» орталығының үлкен залында Хор музыкасының «Реквием» концерті.

 

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі

15 қараша күні сағат 15.00-де ақын, прозаик, журналист Ғ.Жұматовтың 65 жасқа толуына орай «Туған тілде намысым мен арым бар» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді.

13-19 қараша күндері музей залдары бойынша шолу экскурсиялары.

 

А.П.Чехов атындағы облыстық драма театры

17 қараша күні сағат 19.00-де «Папа в паутине» комедиясы.

17 қараша күні сағат 19.00-де «Мастер и Маргарита» қойылымы.

18 қараша күні сағат 12.00-де «Приключения гусенка Дорофея» ертегісі.

18 қараша күні сағат 18.00-де «Дом, где все кувырком» комедиясы.

19 қараша күні сағат 18.00-де «Филумена Мартурано» драмасы.

 

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі

15-19 қараша күні сағат 10.00-18.00 аралығында ұлттық валюта - Теңге күніне орай «Ұлттық теңге – Тәуелсіздігіміздің белгісі» көрмесі.

 

ӘзірлегенҚ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz