Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әсия Жүсіпованың айтуынша, баспананың бой көтеруіне облыстық бюджеттен
162 млн. теңге қаржы бөлінген. Бір бөлменің аумағы 37-45 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталған. Биыл аудандағы 3 тірек ауылында екі пәтерлі 4 үй қолданысқа берілгенін атап өткен жөн. Оның екеуі Байқоныс ауылында тұрғызылса, қалғаны Федоровка мен Жаңабет ауылдарында бой көтерді.

Бөлім басшысының сөзінше, аудан орталығында жеке кәсіпкерлер де тұрғындарды баспанамен қамтуға үлес қосуда. Олар салған 3 екі және 1 төрт пәтерлі үйлер аудандық бюджет есебінен сатып алынған. Бұдан бөлек, Федоровка ауылында су құбырының құрылысы жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы аяқталады деп күтілуде.

Аудан бойынша 500-ден астам адам пәтер кезегінде тұр. Олардың қатарында жастар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

saryarka-samaly.kz